2016 жылдың 19 қантар күні Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында желілік қоғамдастық қызметін жүзеге асыру мақсатында облыстық мамандандырылған мектептер арасында дебаттық турнир өтті. Осы турнирға гимназиямыздың 8 сынып оқушыларынан құрылған “Жас өркен” командасы да қатысты. Команда құрымында: Олжабаев Ұлан, Мусаипов Ануар, Жұматаев Темірлан, топтың жаттықтырушысы Шаймарданова Назигуль Тусуповна. “Жас өркен” командасы облыстың мамандандырылған мектептерінен келген командалармен әртүрлі тақырыптарда пікірталасқа түсті. Пікірсайыста төмендегідей тақырыптар болды, мысалы: “Бұл палата жоғары сынып оқушылары өздері оқитын пәндерді таңдауға құқылары бар деп есептейді”, “Бұл палата ғылым мен технологияның пайдасынан гөрі зияны көбірек деп санайды”, “Бұл палата орта мектеп оқушыларын шынайы өмір жағдайына дайындауға сай емес деп санайды”, “Бұл палата телевидение қоғамға кері әсерін тигізеді деп есептейді”, “Бұл палата қоршаған ортаны сақтау экономикалық өсуге қарағанда маңыздырақ деп есептейді”, “Бұл палата өмір қысқа деп есептейді”, “Мақсатқа жетуде жылдамдық маңызды емес” деген сияқты тақырыптармен сөз таластырды. Пікірсайыстың нәтижесінде гимназияның “Жас өркен” командасы І жүлделі орынды жеңіп алды. Сонымен қатар Мусаипов Ануар «Үздік спикер» атанды. Оқушыларымызға талаптарыңа нұр жаусын, алдағы уақытта жеңісті күндерің көп болсын деген тілек білдіреміз.
Облыстық дебаттық турнирінің жүлдегерлерін құттықтаймыз!