Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Гимназияда «Жаратылыстану» пәндерінің апталығы өтті
01-02-2016 11:36
Гимназияда «Жаратылыстану» пәндерінің апталығы өтті

2016 жылдың 18.01-23.01 аралығында гимназияда «Жаратылыстану» пәндерінің апталығы өтті. Апталықтың бірінші күні   «Талантты және дарынды балаларды оқыту» атты мұғалімдерге арналған  коучинг өткізілді. Коучингті  екінші деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған   химия пәнінің  мұғалімі  Қ.Б.Ерхасова және бірінші  деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған   орыс тілі  пәнінің  мұғалімі  Г.Б.Тулеубаева ұйымдастырды. Коучинг мақсаты: пән мұғалімдердің   жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруіне ықпал ету, жаңалыққа құштарлығын ояту, тәжірибелерін жүйелеу. Талантты және  дарынды балалардың деңгейі мен оқу қарқынына бейімделген әрі келісілген  білім беру ортасын құру, оларға қалыпты жұмыс істеу мүмкіндігін жасау негізгі идеялар болып табылды. Топтық жұмыс арқылы ой жинау кезеңінде мұғалімдер тақырыптарды талқылап, ойларын ортаға салды. Пікірталас әдісін қолдану кезеңінде қарсы аргументті нақты дәлелдеген мұғалім С.Е.Нургалиева «Ең үздік спикер» номинациясына ие болды. Экономика пәнінің мұғалімі  А.Ж. Сыздыков 7ә сыныбында «Биржа» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақ оқушылардың бір-біріне тілек айтуынан басталды. Акция, биржа туралы мәліметтер берілді, бейнефильм көрсетілді. Топпен жұмыс жасалып, соңында постерлер қорғалды, ойна, әрі ойла танымдық тапсырмалар орындалды, бағалау дескрипторлары берілді. География пәнінің мұғалімі А.Т.Алиаскарова 5-7 сыныптар арасында «Туған жерім мақтанышым» интеллектуалдық  сайыс ұйымдастырды. Сайыс барысында оқушылар туған жердің тарихын терең білу үшін энциклопедиялармен жұмыс жасап, тапсырмаларды орындады. Нәтижесінде «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» номинациясына 5-сынып оқушылары ие болды. 7ә сыныбында биологиядан рольдік ойын түрінде «Зиянкес бунақденелілермен күресу шаралар» атты сот сабағы өтті. Оқушылар өздеріне ұсынылған тапсырмаларға тиянақты дайындалғаны көрінді. Кейбір оқушылардың бойындағы ерекше қабілеттерін байқауға жағдай жасалды. Мұғалімдер дарынды балаларды анықтауға және оларды сабақта, сабақтан тыс уақытта  дамытуға  ерекше көңіл бөледі, тиімді әдіс-тәсілдерді  қолдана біледі, оқушылармен бірлесіп жақсы жұмыс істейтіндері байқалды, қосымша материалдар, электронды оқулықтарды, әдістемелік құралдарды ұтымды пайдаланады.

ӘБ жетекшісі Муханова У.К.