02.02.-12.02.2016 аралығында гимназияда “Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы” атты онкүндік өтуде. 2 ақпан күні гимназиямыздың фойесінде онкүндіктің салтанатты ашылуы болып өтті. Сабақтардың алдында барлық қабаттарда шаттық шеңбері ұйымдастырылды. Шаттық шеңберіне гимназияның барлық мұғалімдері мен оқушылары қатысып, бір-біріне жылы тілектерін білдірді, бұл барлығының алдағы жұмыс күнін көтеріңкі көңіл-күймен бастауына ықпал болды. Әрбір сабақтардан кейінгі үзілістерде жанға жайлы әуендер қойылды (махаббат, отан, ана, бақыт т.с.с. туралы). Ақпараттық тақтада онкүндіктің жаспары, Сара Алпысқызы туралы мәліметтер ілінді. Онкүндік барысында барлық мұғалімдар мен оқушылардың қатысуымен ұйымдастырылатын іс шаралар жоспарланды. Онкүндіктің соңында барлық белсенді қатысушыларды дипломдармен, сыйлықтармен марапаттау ойластырылған.
Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі жоспары
№ |
Шаралар атауы |
сынып |
күні |
орны |
жауапты |
1 |
«Күніңді мейірімділіктен баста» мектепішілік шаттық шеңбері |
1-11 1-қабат:9с,8с 2-қ:10,11,7ә 3-қ:1-4с 4-қ:5,6а,6ә,7а |
2.02. |
1-4 қабат дәліздері |
1 қабат- Н.Т.Шаймарданова 2 қабат- К.М .Аккентаева 3-қабат- А.Б. Амренова 4-қабат- А.Т. Альдекенова |
2 |
«Ризашылық күні» акциясы |
1-11 |
3.02 |
|
Н.Т.Шаймарданова Ж.С.Базарбаева Ж.Н.Жармағамбетова |
3 |
«Менің анам - алтын» шығармашылық жұмыстар көрмесі (сурет, өлең, тілек, фото, эссе) |
1-11 |
4.02 |
|
Сынып жетекшілер |
4 |
«Өзін-өзі тану-бұл...» коллаждар байқауы |
1-6 |
5.02 |
|
Сынып жетекшілер |
5 |
«Жүрегім махаббатқа толы» тақырыбында оқушылардың cуреттер көрмесі |
1-6 |
2-10.02 |
1-қабат фойе |
Ж.Базарбаева Қ.Ахметжанова |
6 |
«Жүрек жылуы» мектепішілік шаттық шеңбері |
|
7.02 |
1-4 қабат дәліздері |
2 қабат- Аккентаева К.М 3-қабат-Амренова А.Б 4-қабат- Шаймарданова Н.Т |
7 |
«Мейірімін төгетін ана» С.Алпысқызының қайырымдылық қызметіне шолу |
1,2 3,4 |
7.02 8.02 |
11.35 12.40 кітапхана |
Ж.Н.Жармағамбетова |
8 |
«Мейірімділік-асыл қасиет» бастауыш сынып оқушыларына арналған мультфильмдер көрсетілімі |
1-4 |
9.02 11.35 12.40 |
Мәжіліс залы |
А.Ж.Сыздыков Аврайхан А. Сынып жетекшілері |
9 |
«Махаббат- іңкәр сезім», «Бақыт деген не?» тақырыбында эсселер байқауы |
8-10 |
9-11.02 |
|
М.А. Касенова Қ.М.Аккентаева |
10 |
«Мейірімділікке бастар ғажайып әлем» мерекесі
|
1-4 |
10.02 |
Мәжіліс залы |
А.Б. Амренова Н.Т. Шаймарданова |
11 |
«Бейбітшілік игілігі үшін мейірімділік» пікірсайысы |
8-9 |
11.02 |
28 кабинет |
Н.Т.Шаймарданова |
12 |
«Жүректі жылытар мейірімділік» тәрбие сағаты «Жүректен жүрекке» қорытынды жиын.-Онкүндіктің жабылуы |
1-11 - сағ 9.00- 9.20 1-11 |
12.02 |
|
Сынып жетекшілері Н.Т.Шаймарданова Г.А.Бакирбекова |
Өзін-өзі тану мұғалімі: Шаймарданова Н.Т.