Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Бастауыш сыныптардағы шеберлік сағаттары
12-02-2016 09:39
Бастауыш сыныптардағы шеберлік сағаттары

2016 жылдың 10-ақпанында біздің гимназиямыздың бастауыш сыныптарында Павлодар облыстық «Өрлеу» мұғалімдер біліктілігін арттыру институтының курсқа қатысушы бастауыш сынып мұғалімдері үшін «Шеберлік сабақтары» жүргізілді. Мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы шыңдау шеберлік сабақтарының мақсаты болып белгіленді. Аталмыш шараға Май, Ақтоғай, Қашыр, Ақсу, Железин аудандары мен Павлодар, Ақсу қала мектептерінен курсты өтуші 24 мұғалім қатынасты. Гимназия директоры М.Касенова шеберлік сабақтарының бағдарламасымен таныстырған соң, «күн және гүл» тобына бөлініп, математика, әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дүниетану пәндерінен сабақтарға қатынасты. Бастауыш сынып мұғалімдері  Ә.Нахметова 2ә сыныпта «Екі таңбалы сандарды баған бойынша қосып, азайтуды қайталау», М.Жақсыбекова  3-сыныпта «Зат есімнің жекеше,көпше түрі», Қ.Ахметжанова 4ә сыныпта «Орман-тоғай өсімдіктері, жануарлары», А.Амренова 2а сыныпта «Аппақ бала» тақырыптарымен жаңа форматта оқытудың белсенді әдістерін қолданып шеберлік сабақтарын көрсетті.  Бастауыш сынып мұғалімі  М.Елубаева, өзін-өзі тану мұғалімі Н.Шаймарданованың ұйымдастырған «Мейірімділікке бастар ғажайып әлем» ертеңгілігіне қатысып, 1-4 сынып оқушыларының өнерлерін көріп тамашалады. Қатысушы мұғалімдер шеберлік сағаттарының өтілуі мен алған әсерлері бойынша пікір алмасты. Гимназиядағы шеберлік сабақтарына қатыса отырып,  курста теория жүзінде оқытылған әдіс – тәсілдердің тәжірибе  жүзінде іске асырылу жолдарының куәгерлері болғандықтарын атап өтті. Жалпы шеберлік сағаттарын өткізу - сұраныс беруші мен оны іске асырушы екі тараптың ұстаздарының әдістемелік, кәсіби шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік болатын ең тиімді жолы.

Джамалбаева С.С.-оқу ісі жөніндегі гимназия

директордың орынбасары