Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
“Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық” атты онкүндігінің жабылуы
19-02-2016 11:35
“Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық” атты онкүндігінің жабылуы

Онкүндік  2 ақпан күні  жалпы мектепішілшік Шаттық шеңберінен бастау алды. Шаттық шеңберіне гимназияның барлық мұғалімдері мен оқушылары қатысып, бір-біріне жақсы тілектерін білдірді, бұл барлығының алдағы жұмыс күнін көтеріңкі көңіл-күймен бастауына ықпал болды. Шаттық шеңбері  «Өміріңе немқұрайлы қарама» әнімен жалғасты. Әрбір сабақтардан кейінгі үзілістерде құндылықтар туралы әндер қойылды. Шара кең көлемде ақпараттық қолдауға   ие болды. Әрбір қабатта ақпараттық тақтада онкүндіктің жаспары, Сара Алпысқызының қайырымдылық қызметі, «Бөбек» қорының  жұмысы туралы мәліметтер, әрбір күннің дәйексөзі мен жақсы тілектері ілінді. 3 ақпан гимназияда “Ризашылық күні” акциясы жарияланды. 1-қабатта “Ризашылықты білдіру тақтасы” орналастырылды. Әрқайсысы өз ризашылығын білдіргісі келетін адамға әсем стикерлерге тілегін жазып тақтаға орналастырды. Үлкен үзілістерде балалар “Ризашылық тақтасына жақындап, өз көңіліндегі ризашылықтарын білдіріп жатты. Сонымен қатар оқушылар өздері қалаған адамдарына ризашылық хаттарын жолдауға мүмкіндік алды. Балалар құрбы достарына, сіңлілеріне, ата-аналарына, ұстаздарына ризашылық хаттарын әсем безендірілген конверттерге салып, арнайы сайланған “пошташы” адамдар арқылы қалаған адамдарына жеткізе алды. Бұл акция 2 күн жалғасып, көпшіліктің көңілінен шықты. Сонымен қатар 1-қабатта “Менің анам – алтын” атты көрме ұйымдастырылды. Балалардың аналары жайлы жүрек жарды туындыларын: суреттер, фотосуреттер, өлең жолдары, эсселер көрмеге орналастырылды. Мектепке келген әрбір ата-ана, қонақтар оқушылардың аналары туралы туындыларын оқып, ризашылықтарын білдірді. Әр сыныптың оқушылары аталған іс-шараларға белсенділікпен, қызығушылықпен қатысты. Келесі күндері 1-6 сыныптар арасында “Өзін-өзі тану-бұл...” атты тақырыпта коллаждар байқауы ұйымдастырылды. Оқушылар өзін-өзі тану пәні туралы ойларын, пікірлерін шығармашылықпен  коллаж  жасау арқылы көрсете білді. Бұл жұмысты орындау барысында балалар бір-бірімен тығыз қарым-қатынасқа түсе отырып, ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа үйренді. Өзінтану пәнінің ерекшелігін, өздері танып, біліп жүрген қасиеттерді суреттер мен әсем сөздер арқылы жеткізе білді. 8 ақпан күні гимназияда “Жүрек жылуы” мектепішілік шаттық шеңбері ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары әр қабатта шеңберге тұрып алақандарының жылуын бір-бірлеріне беру арқылы жүрек жылуын білдірді. Бір-біріне жақсы тілектері мен қолдау сөздерін айта отырып, адамгершілікке, сыйластыққа үйренді. 1-2 сынып  оқушыларына арнап мектеп кітапханасында “Мейірімін төгетін ана” атты Сара Алпысқызы Назарбаеваның қайырымдылық қызметіне шолу өтіп, арнайы көрме жұмысы таныстырылды. Сара Алпысқызының фотосуреттерінен слайдтар әзірленіп, оның еңбек жолы, қайырымдылық шаралары туралы  балалардың жас ерекшеліктеріне сай ақпараттар берілді. Соңында сұрақ-жауаптар арқылы оқушылардың қызықты әңгіме сұхбатқа тартты. 9, 10 апан күндері «Мейірімділік-асыл қасиет” тақырыбында бастауыш сынып оқушыларына арнап мәжіліс залынды “Қарлығаштың құйрығы неге айыр”, «Жай ғана сыйлық», «Қошқар мен теке»  мультфильмдері  көрсетілді. Мұндағы мақсат жануарлардың адамдарға жасаған қайырымдылығы, жауыздықпен күресін көрсете отырып балаларды жақсылық жасауға, мейірімді болуға тәрбиелеу. 10 ақпан күні гимназияда “Мейірімділікке бастар ғажайып әлем” атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік концертке бастауыш сынып оқушылары қатысты. Концерттік іс шараның мазмұны балалардың өнерлері арқылы адамгершілік құндылықтарды насихаттауға арналған. Концерт барысында әндер шырқалды, өлең, тақпақтар айтылды, билер биленіп, ата-ана тәрбиесі туралы көріністер қойылды. Әрбір сабақтардан кейінгі үзілістерде жанға жайлы әуендер қойылып, көтеріңкі көңіл күйде болуға ықпал жасалды.  11 ақпанда 8-9 сынып оқушыларынан құрылған командалар арасында “Бұл палата бүгінгі таңда адамдар мейірімді деп ойлайды” деген резолюция бойынша пікірсайыс ұйымдастырылды. 8-10 сынып оқушылары көрермен ретінде қатысып,сы мәселе бойынша пікірлерін ортаға салып, оның маңыздылығын атап өтті. Балалар берілген тақырып бойынша өз ойларын еркін айта білді. Бір біріне қақтығыстар келтірді. Бүгінгі таңда болып жатқан мейірімділік шаралары және адамдар арасында кездесіп жатқан қатігездіктер туралы өз ойларын ортаға салды. 12 ақпан күні «Бәріміз жақсылық әлеміненбіз» атты мерекелік шара арқылы онкүндіктің қорытындысы шығарылып, түрлі байқаулардың нәтижесі бойынша жеңімпаз атанған, белсенді қатысқан оқушылар диплом және шағын сыйлықтармен марапатталды. Мерекелік шара барысында жоғары сынып оқушылары  флешмоб ұйымдастырып, көпшіліктің көңілінен шықса, бастауыш сынып оқушылары адамгершілік қасиеттер туралы өлеңдер мен  әндер жолдап, кештің мазмұнды өтуіне атсалысты. Сондай-ақ 8-10 сынып оқушылары арасынан «Бақыт деген не?», «Махаббат іңкәр сезім» эссе байқауының ең үздік жұмыстары таныстырылды.

Болашақ ұрпақты адамгершілік-рухани құндылықтарға тәрбиелеудің бірден-бір жолы  «Өзін өзі тану» пәнінің жүргізілуі және соның негізінде өткізілетін іс-шаралар. Әрбір адам адамгершілік-рухани бастауға ие, сондықтан адамгершілік бағыт- бағдар  анда-санда ғана емес,мектептің күнделікті тіршілігінде орын алғаны  қандай керемет.

Өзін-өзі тану пәні мұғалімдері: Г.Бакирбекова, Н.Шаймарданова