Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Ұлт көсемі Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы
19-02-2016 12:59
Ұлт көсемі Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы

Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы қарсаңында гимназямызда  «Алаш  қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейхан» атты  конференция өтті. Бұл шара  қайраткердің мерейтойы алдында өскелең ұрпаққа «Алаш» қозғалысының негізін қалаушысы және жетекшісі, ұлт тарихының жанашыры, қазақ халқының азаттығы мен құқығы үшін күрескен  алып тұлға ретіндегі қырынан танытуды мақсат етті. Тарих пәнінің мұғалімі  Альдекенова Анар Толыбаевнаның жетекшілігімен 8 сынып оқушылары  Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қызметі, Алаш партиясын құрудағы идеясы мен  халқының тұрмысы  мен білімін, мәдениетін көтерудегі еңбегіне арналған бірнеше баяндама оқыды.  Әрбір баяндама көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерінің  өмірі  мен қызметінен сыр шертетін бейнефильмдермен жалғасып отырды. 7 «ә» сынып оқушылары  Алаш арысының өмір жолындағы айтылған тамаша ойлары мен ұрпағына қалдырған қанатты сөздерін баяндап кетті. Баяндамашылардың ойын Анар Толыбаевна қорытындылай келе, Әлихан Бөкейхановтың Юнеско аясында бүкіләлемдік дара тұлға деп танылып, оның мерейтойына арналған шараларды да осы деңгейде атап өтілетінін  тілге тиек етті.

Осы конференцияда айтылған әрбір ой жастардың  ұлттық  сана сезімін оятып, өз жеріне, халқына деген сүйіспеншілік пен ұлы тұлғаларына деген асқан  мақтаныш сезімін ұялатты. Оның «Тірі болсам қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген ұранды сөзі, әрқайсымызды ең алдымен елімізді сүюге, Отан алдындағы азаматтық парызымызды орындауға шақырып тұрғандай болды. Әрине бұл «Алаш» азаматтарының  еңбегін танудың басы  ғана.