Жарайсың, Асия!
2013 жылғы 19 сәуір күні Инновациялық Еуразиялық университетінде 10-11 сынып оқушыларының арасында VІ облыстық көптілдік олимпиадасы өтті. Облыстық І турға 97 оқушы, екінші турға 19 оқушы қатысты. Гимназияның 11- сынып оқушысы Амангельды Асия үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) білімін көрсете біліп, шетел жоғары оқу орындарында еш қиындықсыз оқуларын жалғастыра алатындай бәсекеге қабілетті оқушылар арасында аталып, «Көрерменнің ілтипаты» номинациясына ие болды.