8-наурыз мерекесі шаралары
8-наурыз мерекесі қарсаңында біздің гимназияда түрлі шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: 1-4 сыныптарда «Мейірімін төгетін АНА» атты мерекелік шараға сыныптар аналарын шақырып концерт, құттықтаулар дайындаса, 5-9 сыныптар арасында «Қыз қылығымен көркем» байқауы, 8-10 сыныптарда «Қыздар сұлу көрінер» дөңгелек үстелі, ұжымдық «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» атты салтанатты кеш өткізілді. Салтанатты кешке ұжымның ардагер ұстаздары Р.Н.Қожабекова мен Р.Х.Сламбекова шақырылды. Оқушылар арасында мерекеге арналған безендірулер, суреттер, қолөнер байқаулары өткізіліп, ең үздіктері марапатталды.