Наурыз мерекесі қарсаңында 18 наурыз күні гимназияда түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылды. 5-11 сынып оқушылары «Қош келдің Әз-Наурыз» мерекесінде әрбір сынып бір ауыл болып, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық ойындар, ұлттық тағам бағыттары бойынша сайысып, өнерлерін ортаға салды. Мереке шымылдығы шашумен ашылып, ардақты ұстазымыз, асыл әже Салима Васильевна шаша шашу рәсімін өткізіп, өзының ақ тілегін жеткізді. Қыздар арасында «Бұрымды қыз» байқауы өткізіліп, қыздарымыз ұзын шаштарын бұрымға өріп, шашбау тағып, ұлттық киімде ортаға шықты. Қол күресі, арқан тарту, теңге алу, қамшы ілу ойындарына ұлдар белсенділікпен қатысып, сыйлықтарға ие болды. Оқушылардың халқымыздың тамаша дәстүрлерінен көріністер көрсетіп, салтымызды дәріптеуі, болашақ ұрпақты ұлтжанды болуға тәрбиелері анық. 10 сынып оқушылары «Асар», 9-сынып оқушылары «тамырласу, достасу», 7 сыныптар «Көк отырғызу, ақ бүрку», 6-сыныптар «Көрімдік пен байғазы» дәстүрлерін көрсетсе, 5 сыныптар ұлттық әндер шырқап, 6«а» сынып оқушылары домбырада күй шертті. 5-10 сыныптар арасында наурыз бата жарысы болып, 7 «а» сыныбы жеңіске жетті. Мереке соңында Қызыр баба ортамызға келіп батасын беріп, жаңа жылымызға молшылық тіледі. Осы мерекені ұйымдастырып, қызықты өткізуге атсалысқан 8 сынып оқушылары меркені әнмен, түрлі сайыстармен ажарландырып, байқау жеңімпаздарын шағын сыйлықтармен марапаттап өтті.
ДТжО: Г.Бакирбекова