Мамандық таңдаудың ережелері:
1. Неғұрлым көбірек мамандық түрлері туралы оқып біл. Бүгінгі таңда қай мамандық сұранысқа ие екендігін анықта.
2. Өзіңді тереңірек зерттеуге, тануға тырыс. Өзіңнің қабілеттерің, икемділіктерің, мінезіңнің ерекшеліктері туралы, физикалық мүмкіндігің туралы ойланып, көбірек білуге тырыс.
3. Неғұрлым ұнамды мамандықты таңдауға тырыс.
4. Таңдап алған мамандығыңды зерттеп білуге тырыс.
5. Мамандық туралы біліміңді өзіңнің мамандықты игеруге деген мүмкіндігіңмен салыстыр. Ата-анаңмен, мұғаліммен, дәрігермен кеңесуіңе болады.
6. Егер бұл мамандықты игеруге қандай да бір кедергілер кездессе, балама түрін ойластыр.
7. Шешім қабылдаған соң қиындықтардан шегінбей, қойылған мақсаттарға жетуде табанды бол.
Мамандық таңдаудың ережелері: