Қазақ тілін үйренуге талпынатын басқа ұлт оқушыларының қызығушылығын арттыру, оларды қолдау және әрі қарай дамыту мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ҚР Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының қолдауымен өзге ұлт оқушылары арасында елордамыз Астана қаласында 25-26 наурыз аралығында «НұрОрда» мектеп-лицейінің базасында қазақ тілінен «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты республикалық олимпиадасын өткізді. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. Он-лайн режимінде өткізілген олимпиаданың І кезеңінде ең көп ұпай жинаған оқушылар екінші кезеңге жолдама алды. Екінші қорытынды кезеңге 72 оқушы қатысып, оның ішінде 5-7 сыныптар аралығында 40 оқушы болды. Оқушылар Ұлттық тестілеу орталығының мемлекеттік тілді дамыту басқармасының мамандарының дайындаған 150 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларына жауап жазды.
1 дәрежелі дипломды 2 оқушы иеленді. Соның бірі біздің гимназияның 5-сынып оқушысы Фелькер Аделя болды. Сонымен қатар Аделяның ұстазы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Есенгожина Акмарал Еркеновна алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!