Жұлдызға қадам
25 наурыз күні Павлодар облысы білім беру басқармасының қолдауымен М. Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайында «Жұлдыздар бізге жарқырайды» атты облыстық жас астрономдарының слеті өтті. Бұл шара мектеп оқушыларының назарын аспан және аспан денелерін зерттеу жұмысы және ғылыми шығармашылыққа аудару, олардың кәсіби біліктілігін қалыптастыру, ғылыми білімді насихаттау бойынша жұмысты қарқындатуға бағытталған. Аталмыш слетке гимназиямыздың 10 сынып оқушысы Галиева Камила қатысып ІІІ жүлделі орынға ие болды, жетекшісі Атик Бибигуль Васильевна. Жүлдеге қол жеткізген оқушымыз бен ұстазымызды құттықтаймыз!