Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
МИФ апталығының қорытындысы. 2014-2015 оқу жылы
25-12-2014 07:13
МИФ апталығының қорытындысы. 2014-2015 оқу жылы

Гимназияда 2014 жылдың 18-23 желтоқсан  аралығында математика, физика, информатика пәндерінің апталығы өтті. Апталықта  жоспарланған іс-шаралардың барлығы  кесте бойынша өткізілді. 18.12.14  күні «Ең ақылды» интеллектуалдық ойыны  5А және 5Ә  сынып оқушылары аралығында өткізілді, жауапты Муканова Б.К.  Ойын 5 кезеңнен тұрды. Алғашқысы «Бәйге», қалған кезеңдер айналымдар. Қатысқаны 8 оқушы, ал қалған оқушылар жанкүйерлер болды. «Ең ақылды» номинациясын 5А сыныбынан  Мақсатұлы Аңсат жеңіп алып, грамотамен марапатталды.  Мектеп әкімшілігінен тәрбие жөніндегі директордың орынбасары Бакирбекова Г.А., психолог Шаймерденова Н.Т., және әдістемелік бірлестік мұғалімдері қатысты.

19.12.14. күні «Көңілді тапқырлар» интеллектуалдық ойыны  7А және 7Ә  сынып оқушылары аралығында өткізілді, жауапты Муликова А.Б. Ойын кезеңдері: көңілді сұрақтар, құпиялы икс, ғажайып геометрия, мыңнан тұлпар, құпиялар, математика тарихы. Әр кезеңде 10 ұпайдан 50 ұпайға дейін таңдау мүмкіншілігі болды. Сөйтіп, команда мүшелері ұпай жинаулары керек.  Қатысқаны 8 оқушы, ал қалған оқушылар  жанкүйерлер болды. Әр сыныптан 4 оқушыдан екі командамен ойнады. 7 А сыныбының командасы ойын жеңімпазы ретінде, 7Ә сынып командасы қатысқандары үшін грамотамен марапатталды. Мектеп әкімшілігінен тәрбие жөніндегі директордың орынбасары Бакирбекова Г.А., психолог Шаймерденова Н.Т. және әдістемелік бірлестік мұғалімдері қатысты. Ойын барысы мұғалімдер арасында талқыланды.

19.12.14. күні 6-сабақта Атик Б.В. «Денелердің электрленуі. Электр зарядының сақталуы» тақырыбында ашық сабағы өтті. Сабаққа мектеп директоры, директордың ғылым жөніндегі орынбасары Аккентаева К.М., ӘБ жетекшісі, мектеп психологы  қатысты. Сабақ барысында АКТ, СТОү, ТжДОЖ, ОЖЕСО модульдері қолданылды. Тәжіриже барысында балалар маңызды қорытындылар жасады. Соңында оқушылар бағалау критерийлері арқылы өздерін бағалады.

20.12.14 күні  «Озық ойлы оқушы» интеллектуалдық ойыны  6 А және 6 Ә  сынып оқушылары аралығында өткізілді, жауапты Алькеева З.Б. Ойын 3 кезеңнен тұрды: Білгенге маржан, математика шахарына саяхат, қазақтың қара есептері. Әр турдың өз ұпайлары бар 5-10-20 немесе 10-20-30, күрделілігіне қарай ұпайлары алынған. Әр сыныптан 3 оқушыдан қатысты, ал қалғандары жанкүйерлер болды. Әр қатысушы өзіне жеке ұпайлар жинады. Ең үлкен ұпай жинаған оқушы «озық ойлы оқушы» атағын алды.

125 ұпаймен осы атақты алған оқушы – Казбеков Мұхамеджан (6А сынып), грамотамен марапатталды, қалған қатысушыларға  жеңіл сыйлықтар берілді. Мектеп әкімшілігінен тәрбие жөніндегі директордың орынбасары Бакирбекова Г.А., психолог Шаймерденова Н.Т. және әдістемелік бірлестік мұғалімдері қатысты. Ойын барысы мұғалімдер арасында талқыланды.

21.12.14. күні Жумагельдинова Ш.М. Павлодар қаласында «Жас дарын» мектебінде математикадан  өткен  Кукин атындағы олимпиаданың 1-турына  қатысуға 5 оқушы апарды. Бұл олимпиаданы  Ресейдің Омбы университеті «Ертіс дарыны» орталығымен бірігіп өткізді, олимпиада өткізу уақыты 1000- 1400-ге дейін.  3 оқушы 8 сыныптан, 2 оқушы 9-сыныптан қатысты.

22.12.14. күні   «Қызықты информатика» интеллектуалдық ойыны  9 Ә және 10  сынып оқушылары аралығында өткізілді, жауапты  Баядилова А.К. Екі сыныптан командамен қатысты. Әр командада 7 ойыншыдан болды. Ойын өте тартымды, қызықты өтті: топтар аты мен ұрандарын қорғады. Ойын кезеңдері: бәйге, полиглот, ұшқыр оймен...., ғажайып алаң, топ аттарына презентация жасау, «жаңа жыл шыршысы» атты тақырыпқа программа құру. 10 сыныптар командасы жеңімпаз атанып, грамотамен марапатталды. Мектеп әкімшілігінен директор, директордың ғылым жөнінідегі орынбасары, ЭОЖ жөніндегі орынбасары  және әдістемелік бірлестік мұғалімдері қатысты. Ойын барысы мұғалімдер арасында талқыланды.

23.12.14. күні 1-сабақта Жумагельдинова Ш.М. математикадан «Геометриялық прогрессияның n мүшесінің қосындысы» тақырыбында ашық сабағы өтті. Сабаққа мектеп директоры, директордың оқу жөніндегі орынбасары Джамалбаева С.С., ӘБ жетекшісі, мектеп психологы, физика пәнінің мұғалімі Атик Б.В., математика пәнінің мұғалімі Муканова Б.К. қатысты. СТО әдістері арқылы Блум таксономиясының кезеңдерімен өткізілді. Сабақтың  білу кезеңіне ресурстан есептер шығарды. Сұрақтар арқылы жаңа тақырыпқа шығып, постемен қорғады.

23.12.14. күні 3-сабақта Абылгазина Э.Т. компьютерлік графика пәніенен «Анимацияны жасау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында АКТ, СТОү, ТжДОЖ, ОЖЕСО модульдері қолданылды. Сонымен бірге мұғалім топтық, жұптық оқыту, пікір алмасу, дебат әдістерін орынды пайдалана алды. Физика, химия пәндерімен байланыс жасалды. Компьютермен жұмыс жасалып, 4 топтың спикерлері  өз жұмыстарының соңында қорытындыларын нақты айта алды. Сабақ мақсатына жетті.                                                   

          МИФ ӘБ жетекшісі: Алькеева З.Б.