Дүниеге келер бір рет
Дария кеуде тау – мүсін
Құрыштай күйген құдірет
Қарттарым, аман –саумысың?
Қазақ – қариясын сыйлаған халық. Осы бір көнеден келе жатқан үйлесім мен үлкенді сыйлау дүниетанымы бүгіндері өзгеріске ұшырап, қарияны сыйлаған дәстүр ескінің сарқыншағы іспетті ақырындап, ғасырлардың қойнауына еніп бара жатқанын байқамау мүмкін емес.
Ортамызда қадірменді қарттар бар,
Ащы өмірдің тауқыметін тартқандар.
Арқасына нардың жүгін артса да.
Перзентінің қамқорынсыз қалғандар – дегендей, үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету секілді ата-бабадан келе жатқан салтымыз ұмыт болып бара жатқандай. Осындай адамгершіліқ құндылықтарды бала бойына сіңіріп, оларды ақ шашты қарияны қадір тұту жолында тәрбиелеу мақсатында «Көктемнің мейірімділік апталығы» аясында гимназия оқушылары 22 сәуір күні Ақсу қаласының қарттар үйіне кездесуге барып қайтты. Ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталарға арнап «Жас ұлан» мүшелері шағын концерттік бағдарлама дайындап, соңынан қарттар үйінің алаңында ағаш отырғызылды. Бұл кездесуден кейін балалар да, «Осындай кездесулер жиі болса екен» деген ниет білдірген, бала мейірімнен кенде болып жүрген ата-әжелер де ерекше көңіл күймен тарқасты. Мұндай іс-шаралар кішкентай баладан, ересек адамға дейін тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге болатынына біз сенімдіміз.
Гимназияның аға тәлімгері Әсемгүл Омарғалиева.