Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда72080
Бір айда4073
Бір аптада484
Кеше96
Тәулік30
Өзекті кестені жүктеп алу
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 168
өздігінен білім алу - 105
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 46
электрондық ресурстардан - 24
басқа формалар - 6
Дауыс бергендер саны: 349
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 64294
150
11616
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛАР
04-04-2016 08:16

Адамды тәрбиелеу үшін қажет:

Бала кез-келген жағдайда сіздің оған деген махаббатыңыз өзгермейтіндігіне сенімді болуы үшін балаңызды қандай болса, сондай қылып қабылдау қажет.

Ол не жайында ойлайды, нені қалайды, неліктен іс-әрекеті осындай т.с.с. жайында ойланып, оны түсінуге тырысыңыз.

Егер ол өзін-өзі тексерсе, іс-әрекет жасаса,  оның қолынан көп нәрсе келетіндігіне сендіріңіз.

Балаңызды қайтадан “құрастырыуға” тырыспаңыз, онымен бірлесіп өмір сүріңіз: оны тәрбиелеу объектісі ретінде емес, жеке тұлға ретінде қабылдаңыз.

Өз балаңыздың жасында болған кездегі өзңізді есіңізге түсіріңіз.

Есіңізде болсын баланы сіздің айтқан сөзіңіз емес, сіздің үлгі іс-әрекетіңіз тәрбиелейді.

қажет емес:

Сіздің балаңыз болашақта ең үлгілі, ең қабілетті, ең жақсы болатындығына өте сенімді болудың қажеті жоқ. Ол басқалардан артық та емес, кем де емес, ол тек ерекше, қайталанбас жеке тұлға.

Балаға Жинақбанкі ретінде қарамаңыз: кейбір ата-аналар балаға бүкіл махаббаты мен қамқорлығын көрсетіп, оны одан кейін еселеп алғылары келеді.

Баланы өзіңіздің мақсат –мүдделеріңіздің орындалу құралы ретінде қолданбаңыз. Балаңыз сіздің барлық көзқарастарыңыз бен қызығушылықтарыңызды жалғастырады деп ойламаңыз. (олар тұқымқуалаушылық арқылы берілмейді). Балаға ата-анасы өз қалауынша “балшық сияқты илей алатын” толыққанды емес адам  ретінде қарағаны дұрыс емес.

Сонымен қатар мектепте де, үйде де аса ауыр салмақ түсіруге болмайды.

Егер төмендегі белгілер байқалса, балада созылмалы шаршаудың бар екендігін білуге болады:

- Ол түнде кеш жатса да, бірден ұйықтай алмай, дөңбекшиді.

- Сабақта қозғалып отырады, мұғалімнің сөздерін  тыңдамайды, сұрақтарына қалай болса солай жауап қайтарады.

-  Сабақ қарауға отырғанда бірден кірісіп кете алмайды, сөмкесін қазбалайды, қағаз, қарындаштарды, кітаптарын іздеп көп отырады.

- Тамаққа тәбеті нашарлап, бала мектепке барар алдында тамақтанудан бас тартады.

- Егер бастауыш сынып оқушысы болса, тым қозғалмалы, қозғыш болып кетуі мүмкін. Ал жеткіншек жиі қарсы келіп, дөрекі жауап қайтарады.

- Баланың жиі басы ауырып, қан қысымы көтерілуі мүмкін.

-  Оқушы балаңыз жиі суық тиіп ауырып қала берсе, бұл да сізге баланың денсаулығына көбірек көңіл бөлуіңіз керек екендігінің белгісі.

Бала оқу жүктемесін меңгеріп кетуі үшін, оған көбірек қимылдау қажет. Сондықтан, үзілісте жүгіру, сабақтағы қозғалғыштығына т.с.с. философиялық тұрғыда қараңыз. Сабаққа үйден (2-3 аялдама болса) жаяу келгені дұрыс. Үйде сабаққа дайындық уақытынан тыс кезде жүгіріп, секіріп, домалап, қозғалып ойнағаны дұрыс. Оның қимылына сіз де қосылғаныңыз жақсы болады!

Балаға нақты күн тәртібін ұйымдастырыңыз. Тек демалыс күндері балаңызға ұйқысы қанғанша ұйықтауына мүмкіндік жасаңыз, бір апталық қанбаған ұйқысын қандырсын.

Егер сіз бір жылыңызды ойласаңыз – күріш егіңіз.

Егер сіз 10 жылыңызды ойласаңыз – ағаш отырғызыңыз.

Егр сіз бүкіл өміріңізді ойласаңыз – адамды тәрбиелеңіз, тұлға тәрбиелеңіз.