Дарындылықты дамыту үшін, оларды белгілі бір әрекет түріне – қабілеттілікке айналдыру тәсілдері (А.И.Доровской бойынша)
1. Қызықтырушы сұрақтар қою.
2. Ерекше шешімдерді , іздестіру белсенділігін ынталандыру.
3. Базистік және вариативтік материалдарды біріктіре отырып, проблемалық тапсырмалар жүйесін құру.
4. Интеллектісін дамыту және шығармашылық қызметке деген құлшыныстарын мүдделендіру.
5. Оқу бағдарламаларын күрделендіру, мазмұнды байыту.
6. Арнайы сыныптарда оқыту.
7. Негізгі тақырыптар мен проблемаларды зерттеу үшін таңдау жасату.
8. Білімнің әр түрлі саласына қатысты тақырыптар мен проблемаларды интеграциялау.
9. Өнімді, тиімді, сыни ойлауын дамыту.
10. Дамудағы өзгерістерді ескере отырып, бағдарламаға түзету енгізу.
11. Пәндерді біріктіру.
12. Қалжың және қияли жағдайлар туғызу тәсілін қолдану.
13. Ақпарат берудің түрлі тәсілдерін біріктіру.
14. Дербес және топтық жұмыстарды үйлестіру.
15. Жеткілікті көлемде кешенді тапсырмалар қою.
16. Кеңес беру мен көмектесудің барлық түрін пайдалану.
17. Шығармашылық топтың барлық мүшесіне берілетін тақырыпты бір проблематика және өзара жауапкершілік төңірегіне топтау.
18. Бірнеше нұсқада орындалатын тапсырмаларды пайдалану.
19. Шығармашылық идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шығармашылық және практикалық тапсырмаларды үйлесімді қолдану.
20. Тапсырманы орындауда және нәтижені тіркеуде әр түрлі жұмбақтау тілдерін (кодовые языки) пайдалану.
21. Жағдаятты біртіндеп күрделендіре отырып, тапсырма шарттарын алмастырып отыру.
22. Шығармашылық тапсырмаларды шешу тәсілдерін оқушылардың дербес құрастыруына талдау жасату және ұйымдастыру.
23. Берілген жағдайға сәйкес теорияны, шығармашылық тапсырманы дербес құрастыру.
24. Қарама-қайшылықтарға талдау жасату.
25. Өзіне және өзгеге сұрақ қойғызу.
26. Шығармаылық қызметті әрекет ету тәсіліне біртіндеп интеграциялау арқылы кезеңімен қалыптастыру.
27. Тапсырманы қайшылықты формада беру.
28. Оқу материалын арнайы құрастыру арқылы дарынды баланың меңгеруін ғана емес, қабілеттерін жылдам дамытуды ескеру.
29. Жаңа ассоциациялар жасау.
30. Салыстыру , гипербола, метафора қолдану.
31. Қиялына қозғау салу.
32. Қабылданатын ақпаратты меңгертуді ұйымдастыру стратегияларын дайындау.
33. Олардың арасындағы байланысты анықтау.
34. Ағымдағы, түзетуге арналған бақылау түрлерін қолдану.
35. Дербес және топтық жұмысты үйлестіре білу.
36. Кешенді сезіну мен қиялдауға арналған ақпараттар ұсыну.
37. Дифференциация негізінде мазмұнды модернизациялау.
38. Қабылдауды жақсарту үшін сыни сәттерді жиі пайдалану.
39. Оқушылардың қажеттілігін қамтамасыз ету.
40. Жаңа материалды өтілген материалмен байланыстыру.
41. Ойша қайталауды ұйымдастыру.
42. Материалды басқаша сөздік немесе белгілік формаға айналдыру.
43. Оқылатын пәндер бойынша мазмұнды түрлендіріп беру.
44. Шығармашылық орта құру.
45. Сәйкес деңгейдегі әр түрлі типті мектептерде оқыту.
46. Сабақтағы жұмысты әр түрлі сыныптан тыс жұмыспен үйлестіру.
47. Оқытуды жеделдету.
48. Мектеп бағдарламасын кеңейту.
49. Жоғары танымдық деңгейді қажет ететін тапсырмаларды пайдалану.
50. Әр түрлі тапсырмаларды орындауға кететін уақытты есептеу.
51. Алдын ала немесе қарқынды оқыту.
52. Қызығушылығына қарай оқушыларды топтастыру.
53. Проблемалық оқытудың әр түрін пайдалану.
54. Таңдау еркіндігін беру.
55. Сюжеттік-рольдік ойындарды пайдалану.
56. Оқытудың бейімдік жүйесін пайдалану.
57. Дербес жұмыс тәсілін, өзін-өзі бақылауды, зерттеушілік қызмет тәсілдерін үйрету.
58. Ұйымдастыру біліктілігін қалыптастыру.
59. Оқыту шарттарын дифференциялау.