Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы мұрасы
2013 жылдың 23-сәуір күні Павлодар қаласында «Мәшһүр-Жүсіп: өмірдің философиялық мәні, ізденістері» атты 8-10-сынып оқушылар арасындағы V облыстық интеллектуалдық сайыстың «Бас болып өнер білсең тіпті жақсы» бағытында 8-сынып оқушысы Әйгерім Есімханова Мәшһүр Жүсіптің философиясына байланысты ғылыми зерттеу жобасын қорғап ІІ орынға ие болды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Еңлік Ғазизқызы.