Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Робот техника курстары - заман талабы
23-06-2016 09:02
Робот техника курстары - заман талабы

«Білген адам білімді өмір бойы іздейді»

К. Үегенекей

Қазақстан Республикасы 2011-2020 жылдарға  дейінгі білім беруді дамыту бағдарламасында экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімдігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсаты қойылған. Бұл мақсат іске асып жатқанда біздің шәкірттеріміз тек Республикалық деңгейде емес, халықаралық, әлемдік деңгейдегі білім сайыстарында білімдерін дәлелдеп, жүлделі орындарға ие бола алуын көздейді. Білім беру жүйесіндегі жаңашыл бағыттардың арқасында бүгінгі таңда Қазақстандық оқушылар мен студенттер халықаралық сайыстар мен байқауларда ел намысын қорғап, Қазақстанның  мәртебесін арттыруда. Сондай-ақ қазір барлық мемлекеттерде инновациялық технологиялар мен робототехника жасау маңызды болып тұр және сол бағытта түрлі сайыстар өткізілуде. Аталмыш бағыттағы WRO, FIRST тағы сол сияқты халықаралық додаларда біздің шәкірттер жетістікке жетіп жүргенімен, жеткілікті деңгейде бәсекеге қабілетті болмай тұр. Осы жағдайды ескеріп Білім және ғылым министрлігі 2016-2017 оқу жылында мектеп бағдарламасына «Робот техника» элективті курсын енгізуді жөн көріп, Республикамыздың барлық аймағында информатика пән мұғалімдері осы бағытта біліктілігін арттыру курстарын өтуде. Практикалық жобаларды орындау принципіне негізделіп құрастырылған курста робот техникасы және инженерлік жүйелерді жобалау саласы бойынша білім негіздері мен дағдылары  меңгертіледі. Ал білім алушылардың инженерлiк, конструкторлық, шығармашылық қабілеті мен әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін алдыңғы деңгейлі LEGO® MINDSTORMS® EV3 оқу конструкторлары пайдаланылады.

Бағдарлама бойынша өз білімін жетілдірген мемлекетіміздің ұстаздары, биылғы оқу жылында білген-түйгенін тәжірибесінде іске асырады және соның арқасында оқушыларымыздың робот техника құрастыру және бағдарлама құру дағдылары мен түсініктері дамиды деп күтілуде, ал осы келелі істе Павлодар қаласының Назарбаев интеллектуалды мектеп қызметкерлері қомақты үлес қосуда. Координатор Сарбасов Нұрлан Сағындықұлы және тренеріміз Жолдасбекова Гүлсім Сейфоллақызының 06.06.16-17.06.16 ж. дәрісті ұйымдастыра білуінің арқасында курс мазмұны аталмыш білім беру саласындағы жаңалықтарға толы болды және ұстаздарға практикалық жағынан мол азық болады деп сенеміз, сонымен қоса тренерімізге алғыс білдіреміз!

Атик Бибигуль Васильевна электронды оқыту жөніндегі директордың орынбасары.