Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
«Балдәурен» сауықтыру лагерінің қорытындысы
25-06-2016 10:04
«Балдәурен» сауықтыру лагерінің қорытындысы

Мектепішілік «Балдәурен» сауықтыру лагері өз бағдарламасы бойынша түрлі іс-шаралар ұйымдастырған. «Балдәурен» лагерінің «Күншуақ», «Жасstar», «Чемпион» атты үш жасағы тыныға жүріп, ойын барысында  шынығу-шыңдалу жаттығуларымен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға қатысты. Ақсу қаласының «Жас натуралисттер станциясындағы»  өсімдіктер мен құстардың барып тұрған нағыз қамқоршыларына айналғандай! Мекеме әдіскерлерінің, лагерь тәрбиешілерінің емдік шөптері туралы әңгімелерін, экологияға кері әсер ететін факторлар туралы, табиғаттың адам өміріндегі рөлі туралы түрлі әңгімелерін қызыға тыңдады.

Тәрбиешілер А.Нахметова мен М.Елубаева ұйымдастырған интеллектуалды ойындарда балалар өздерін білгірлер ретінде сезініп түрлі қиын сұрақтарды бірлесіп, ақылдасып шешті. Тәрбиешілер Н.Шаймарданова мен Г.Солтанованың жетекшілігімен «Балдәурен» балалары қалалық балалар шығармашылық үйінде ұйымдастырылған «Спортландия» сайсында екінші орынға ие болды. Аға тәлімгер Ж.Базарбаева карта құрастырып тәрбиеленушілерге «Зарница» ойынын ойнатты, музыка күніне «Әуенді тауып ал!» ойынын ұйымдастырып балаларды қызықтыра алды.

Ақсу қалалық хауызға барып жүзуге, малтуға үйреніп  көңіл көтерді. Спорт – денсаулық кепілі демекші, мектептің спорт залында да, таза ауада Ертіс жағалауында да қозғалыс ойындары, «Көңілді мәре» сайыстары балалардың көңілінен шықты.

Кішкентай балдырғандарымыз жазғы уақытта күш жинап Толағайдай өсіп шынығып есейеді. Балапан балаларымызбен қыркүйекте қайта қауышуды тосамыз!

       Аға тәлімгер Ж.Базарбаева