1-қыркүйек күні гимназияда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Конституция күніне арналған салтанатты жиын және «Мен-өз елімнің патриотымын» бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Гимназияың 1-сынып оқушылары Алғашқы қоңырау мерекесіне Отан туралы өлең жолдарын оқып, әсем әндерін жолдады. Әрбір сыныпта «Мәңгілік ел» патриоттық актісі шеңберінде мызғымас Жеті тұғырын нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге тәрбиелейтін Тәуелсіздік және Астана, Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім, Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият, Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы, Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы бағыттары бойынша түрлі шаралар, пікірлесу сағаттары, дөңгелек үстел өткізілді. 1-сынып оқушыларыҚазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атынан «Менің Отаным – Қазақстан» кітабын сыйға ала отырып, өз елінің патриоты болудың мағынасына терең бойлады. 1-сыныптың тәрбие сағатына ардагер ұстаз, Ақсу қаласының құрметті азаматы, мұсылман әйелдер лигасының төрайымы Сламбекова Рымкеш Хамитқызы қатысып, еңбек пен білімнің маңызы туралы ой бөлісті.
1-қыркүйек Білім күні