10-қыркүйек күні 1-3 сыныптар арасында «Толағай» көңілді сайысы өтті. Сайысқа 5 сынып қатысты: 1 сынып - «Батыл» командасы, 2«А» сынып - «Алғыр», 2«Ә»сынып - «Айбын», 3«А» сынып - «Жылан» командасы және де 3«Ә»сынып – «Жігер» командалары қатысты. Сайыс 7 кезеңнен тұрды. Сайысқа қатысушылар белсенді қатысты. «Толағай» сайысы өте қызықты да, тартымды өтті. Сайыс қортындысы: І орын 3«А» - «Жылан» командасы, ІІ орын 2«А»- «Алғыр», ІІІ орын 1 «Батыл» командалары орынға иеленді. 2«Ә» - «Айбын» командасы «ЕҢ ШАПШАҢ» және 3«Ә» - «Жігер» командасы «ЕҢ БЕЛСЕНДІ» номинацияларына ие болды. Жарыс соңында директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Бакирбекова Г.А. сөз сөйлеп оқушыларды құттықтап, марапаттады. Ата-аналар атынан 3«А» сыныбының Есельбаев Арданның әжесі алғыс білдіріп, жаңа оқу жылында барлық оқушыларға және ұстаздарға сәттілік тіледі.
Сондай-ақ 4-7-9-11 сыныптары арасында Президенттік кросс өтті. 4 сынып оқушылар 30 м уақытты есептеп жүгірді. 7 сынып оқушылары 1500 м еркін бағындыра білді. 9 сынып 2000 м және 11 сынып оқушылары ұлдары 3000 м жүгірсе, қыздары 2000 м жүгіріп өтті. 8 және 10 сыныптар арасында «Көп сайыс» кедергілерден өту жарысы өткізілді. Жарысқа барлығы - 57 оқушы қатысты. Оқушылар алғашқы әскери дайындықтың кедергі жолдарынан өтіп жарысты. 5-6 сыныптар арасында «Пионербол волейбол элементтерімен» жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа 4 команда қатысты. І орын 6 сынып, ІІ орын 5ә сыныбы, ІІІ орын 5а сыныбы иеленді. Жарыс қызықты өтті.
8-11 сыныптар арасында футболдан өтті. І орын - 11 сынып, ІІ орын – 8 «Ә» және де ІІІ орын – 10 сынып иеленді. Денсаулық фестивалі соңында әр спорт түрі бойынша оқушылар марапатталды.