Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
2015-2016 оқу жылы «Ағылшын тілін бірінші сыныптан оқыту» эксперименттің кіргізуге арналған оқу- әдістемелік жұмыстар қорытындысы.
16-05-2016 11:47

Дайындаған: Нургалиева Салтанат Еркиновна,  Сыздыкова Мадина Канапьяновна-ағылшын тілі пән мұғалімдері

Мақсаты: Оқушылардың тілдік қарым-қатынасын сабақ барысында дамыту және ағылшын тілін үйренуге  деген қызығушылығын арттыру.

       «Ағылшын тілін бірінші сыныптан оқыту» эксперименті 2012 жылы басталған, қазіргі кезде жалғасуда. Яғни 2012 жылға дейін ағылшын тілі бастауыш сыныптарда аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат болатын. Экспериментке кіргеннен кейін ағылшын пәні бастауыш сыныптарда аптасына 2 сағат, жылына 68 сағатты құрады. Сонымен қатар ағылшын тілі пәнінен кітаптарды өңдеуден өткізу жүргізілуде. Сол кітаптардың талдауын ағылшын тілі мұғалімдері Астана қаласында өтетін конференцияға қатысып, өз ойларымен бөліседі.. Яғни оқулықтың пайдасын және кемшіліктерін анықтайды. Біз бастауыш сыныпта сабақтар бергендіктен көптеген қиындықтарға тап болдық. Біріншіден, 1-4 сыныптардың  Кембридж баспасының оқулықтарына  авторлық бағдарлама жасадық. Оның рецензенті- ПМПИ-дің шет тілдер кафедрасының профессоры Саурбаев Ришат Журкенович.

Бастауыш сыныптардағы Cambridge баспасының Primary Colours оқулығының талдауы

Оқулықтың  пайдасы:

- Ағылшын тілін үйренуге деген құштарлығын арттыру үшін  Pupil’s Book, Activity Book, CDs  құрастырылған.

 Сабақ жоспарларын әр кезеңде жеңілдету үшін мұғалімдерге арналған Teacher’s Book  шығарылған.

  Тілді үйрену үшін  оқулықта балалардың әндері және аудиодеректер бар.

 Бастауыш сыныптардың тілді толық меңгеруі үшін оқулықтың мазмұнында   грамматикалық және лексикалық деректер көрсетілген.

Оқулықтың кемшіліктері:

Бұл оқулықта бір жылдың ішінде ағылшын тілін  үйрену  бағдарламасы -  өте күрделі.

Оқулықтың соңғы бетінде ағылшын тілінде сөздерді оқу үшін сөздікте транскрипция көрсетілмеген.

Сонымен қатар балаларға сөзді  іздегенде жеңіл  болу үшін  оқулықтың сөздігі алфавит бойынша жазылмаған.

Оқулықтағы мәтіндерді түсініп оқу  - өте қиын.

 Pupil’sandActivitybooksоқулығында барлық жаттығулардың тапсырмалары ағылшын тілінде жазылған. Бұл балалар мен олардың ата-аналарына  қиындық туғызады.

Сабақтарды қызықты әрі оқушылардың ағылшын тіліне деген құштарлығын арттыру үшін мұғалім дидактикалыық деректер мен ойындарды сабақтарда қолданады.

Бастауыш сыныптарда ағылшын тілі сабағында міндетті түрде төрт дағдыны дамытамыз. Яғни, тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым. Себебі бұл дағдыларды меңгерген оқушылар олимпиадаға қатысқанда немесе әр түрлі сайыстарға қатысқанда олар қиындықтардан шыға алатын болады.

Қорытынды:біздің бастауыш сыныптағы оқушыларымыз  әр түрлі халықаралық деңгейде «Бритиш Бульдог» және «Кенгуру-лингвист» сайыстарға қатысып бірінші, екінші, үшінші орындарды иеленді. Бұған осы эксперимент барысында оқушылар қол жеткізіп отыр.