Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
"Ел боламын десең бесiгiңдi түзе"
14-02-2013 07:34

 

Мақсаты: Оқушылар бойында  өз еліне деген патриотизмды ұялату арқылы отансүйгіштікке баулу, адамгершілік-рухани қасиеттерді тәрбиелеу арқылы жан-жақты дамыған, көптілді бойында жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтары қалыптасқан ұлтжанды азаматты қалыптастыру.

Баланың адамгершiлiк - рухани дамуын қалыптастыруда “Өзiн-өзi тану” бағдарламасының рөлi және жүзеге асыру жолдары

Жаңа мыңжылдык талаптары мен мiндеттерiне жауап бере алатын рухани бай тұлғаны қалыптастыру деп аталатын жалпы адамзаттык мәселе тәуелсiз Қазақстан үшiн ерекше өзектi сипатқа ие болып отыр. Себебi елiмiз Шығыс пен Батыс, Европа мен Азия мәдениетiн бойына қатар сiңiрген көптеген халықтардың тарихына тағдырлары тоғыскан, Еуразия аймағында орналаскан, ыкпалды да орныкты дәйек сынды сан алуан мәдени бояулы, көп конфессиялы мемлекет болып табылады.

Қазақстан бүкiл әлем жұртшылығы сиякты жаңа мыңжылдыкта бiлiм беру мiндеттерiн шешуге заман рухына, халкының  дiлiне сай келетiн ұлттык бiлiм беру үлгiсiн iздестiруде.

Ұлтты ұлт ретiнде танытатын үш нәрсе бар: бiрi қасиеттi Жер – Ана, екiншiсi тiл, үшiншiсi казактың  дәстүрлi ұлттық құндылықтарын қалыптастыру жолы.  

Баланың тұлға ретiнде қалыптасуына  әсер етушi факторлар

Рухани-адамгершілік білім беру жобасы «Өзін-өзі тану» курсы болашақ ұрпақты рухани бастау мен азаматтың адамгершілік құндылықтарын бағалай білуге жетелейді.

Бағдарламаның мақсаты:

Өзін және қоршаған ортаны тану арқылы баланың рухани жан дүниесін байыту.

       «Өзін-өзі тану» курсын мемлекеттік тілдегі мектептерге еңгізудің өзіндік ерекшеліктері бар:

  • Берілген сабақтардың мазмұны халық педагогикасына негізделген;
  • Сабақтарды оқыту интерактивті әдіс негізінде құрастырылған;
  • «Өзін-өзі тану» курсы басқа пәндермен тығыз байланысты;
  • бала өзімен өзі, отбасымен, айналадағы адамдар мен бірге өмір сүре білуге дағдыланады.

       Болашақ ұрпақ тәрбиесі отбасынан бастау алары анық.Дүние есігін ашқан сәбидің болашақта отбасындағы, қоғамдағы алатын орны, оның мінезі, іс-әрекеті, пікірі, адамдармен қарым-қатынасымен анықталады. Ал бойындағы қасиеттер тәрбие ықпалы арқылы қалыптасады.Баласының алғашқы ұстазы, өмірдегі қолдаушысы ретінде ата-ана қаншалықты оның бойына адамгершілік, рухани қасиеттерді сіңіріп, жеке дара  ерекшеліктерінің дамуына, дүниетанымының кеңеюіне қаншалықты ықпал етті. Ата-ана баласына тек отбасының кішкентай ерке, не тек көмек қажет ететін мүшесі ретінде қарамай,оның отбасының маңызды мүшесі, өз орны мен құндылығы, міндеті мен пікірі бар мүшесі ретінде қабылдап, баланың өзін осылай сезінуіне ықпал етулері қажет. Мектептің бала тәрбиеінде отбасымен ортақ мақсатқа бірігіп әрекеттесуі оң нәтижеге  әкелері анық. Ата-анасының бір-біріне, туған-туысқандарына, көршілері, жора-жолдастарымен қарым-қатынасы, көзқарас, пікірін  бала өте байқағыштықпен бақылап, сезімталдықпен ұғынады, өз ойына түйіп,  санасына жинатай береді. Тіпті айналадағы, құбылыс, жағдайларға білдірген пікірі  терең із қалдырады.

       Сондықтан ата-аналардың бала бойындағы өзгерістер мен жас ерекшелік өзгешелігін түсініп,сәйкес тәрбиенің әдіс-тәсілдерін қолдана білуі қажет.

       Көптеген отбасының бала тәрбиесі мәселелерінің маңыздылығына, тереңдігіне бойлай бермейтіні сөзсіз. Сондықтан мектептегі «Өзін-өзі тану»эксперименті аясында ата-аналармен семинар, конференциялар өткізіліп, «Өзін-өзі тану»пәнінің философиясын, мақсат, міндеттерімен таныстырылды. Отбасының мектеп өміріне жақын болуы, баланы түсініп, дамуына ықпал етуі артады. Мектептегі тәрбие жұмысына көмектесуі, өзара ықтымақтастық қарым-қатынасында болуына әсер етеді. Мектепте баланың дамуына, есеюіне сіңірген адамгершілік, рухани байлықтың қалыптасуына, қоғамда өз жалғасын табуына ықпал етеді.