Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Жаңа формат - жаңа мүмкіндіктер
29-10-2016 10:14
Жаңа формат - жаңа мүмкіндіктер

Гимназияда әдістемелік ұйымының ұйымдастыруымен  03.10-29.10 аралығында «Жаңа формат - жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында мұғалімдерге арналған айлық өткізілді.

Айлық барысында І деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған тарих, география пәнінің мұғалімі Альдекенова А.Т. «Оқу сапасын арттыруда оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалаудың  маңыздылығы», ағылшын тілі  пәнінің мұғалім  Нургалиева С.Е. «Оқу мен оқу үрдісінде қолданылатын жаңа әдіс- тәсілдер» тақырыптарында  коучингтер, «өзін-өзі тану» пәні бойынша ІІ деңгейлік сертификатталған ұстаз, мектебіміздің психологі Шаймарданова Н.Т. «Сыныптың тұтас педагогикалық үдерісіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар» тақырыбында семинар  өткізіп,бүгінгі заман талабына сай жаңа  технологияны білім саласында тиімді  пайдалану жолдары жөнінде мәліметтер беріп, мұғалімдердің ризашылығына бөленді.

 Айлық аясында деңгейлік сертификатталған Альдекенова А.Т., Шаймарданова Н.Т., Нургалиева С.Е., Кабылбекова А.С., Атик Б.В., Тулеубаева К.Б. және ол мұғалімдерден тәлім алушылар Сыздыкова М.К., Абраева Д.Е., Шапауова Ә.С. ашық сабақтар берді. Оқушылар өз білімдерін өздері және өзара бағалауды жүзеге асырды. Сын тұрғысынан ойлау тәсілдерін қолдана отырып, постер құрастыру, «Галереяға саяхат» әдісімен қорғау, ұсынған  мәтінді «Джигсо» әдісі бойынша талдау т.б. әдістерді пайдалану арқылы жұмыстарын қызығушылықпен атқарды.  Сабақтарда АКТ тиімді қолданылды.

Айлықтың соңында  «Жаңашылдыққа талпыныс - жетістік көзі» атты дөңгелек үстел өткізіліп, мұғалімдердің айлық туралы ой-пікірлері тыңдалып, өзіндік бағасы қойылды.

Гимназияда жаңа бағдарлама бойынша осындай  дамыту жұмыстарының жоспары жасалып, деңгейлік курс  мұғалімдерімен бірлесе отырып, мектеп ұстаздарын жаңа бағытта оқыту, жаңа әдістерді үйрету  және тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілуде.