«Болашақ қуаты» тақырыбына арналған «Экспо 2017» көрмесі елордамызда өтетін атаулы шаралардың бірі. Осы көрме туралы оқушылардың танымын кеңейту мақсатында гимназияда 27 қазан күні «Экспо 2017» тақырыбында 7-11 сынып оқушылармен танымдық кездесу өткізілді. Шара 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде 10-сынып оушылары жиналғандарды Бүкіләлемдік көрмелер тарихымен таныстырып,ең танымал деген өнертапқыштардың туындыларын атап өтті. Екінші кезеңде Қазақстанда өтетін «Экспо 2017» көрмесіне арналған қалашық жобасы, құрылымы, қатысатын елдер мен болашақта қолданылуына шағын бейнефильм, слайд арқылы толық тоқталды. Ал көрме тақырыбының маңыздылығы үшінші кезеңде ашылды. Оқушылар энергия өндірудің жаңа жолдарымен, олардың балалмалы түрлерін айтып өтті. Сонымен қатар энергияны өндіру мен тұтыну арасында балансты сақтау бойынша пікірталас өткізді. Кездесу соңында 7-9 сынып оқушылары арасында шағын сайыс өткізіп, қоршаған ортаны қорғаудың үздік ұсынысы бойынша «Үздік идея» иелерін марапаттады.
«Экспо 2017» - баламалы энергия көзі