Оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аймақтық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында, мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 21 қазан күні мектепішілік пәндік олимпиада өткізілді.
Мектепішілік пән олимпиадасы қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, математика, физика, биология, информатика, химия, география, адам.қоғам.құқық пәндерінен өтті. Мектеп бойынша 92 оқушы қатысты. 8-сыныптан 34 оқушы, 9 сынып үшін 18 оқушы, 10 сынып үшін 18 оқушы, 11 сынып үшін 20 оқушы қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 8 оқушы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 9 оқушы, ағылшын тілі пәнінен 11 оқушы, тарих пәнінен 12 оқушы, математика пәнінен 3 оқушы, физика пәнінен 9 оқушы, химия пәнінен 9 оқушы, биология пәнінен 12 оқушы, география пәнінен 11 оқушы, информатика пәнінен 2 оқушы және адам.қоғам.құқық пәнінен 3 оқушы қатысты.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Еңселі елдің ертеңі – кемел білім мен кенен ғылымда»,- деп атап көрсеткендей, бүгінгі қоғам сіздерден білім мен ғылымды игеру жолында үздіксіз ізденуді талап етіп отыр. Өткен білім сайысында әрбір оқушының білім деңгейлері таразыланып, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» дегендей, олимпиада жүлдегерлері анықталды.
Қазақ тілі және әдебиет пәнінен І орын 10 сынып оқушысы Хуатбек Айша, 11 сынып оқушысы Мажинова Эльмира, ІІ орын 9 сынып оқушысы Карибаева Малика, ІІІ орын 8 сынып оқушысы Кунтаева Амина иеленді.
Орыс тілі пәнінен І орын 9-сынып Ақылбекова Диляра, І орын 10 сынып оқушысы Алимова Нурай, І орын 10/11 үшін/ сынып оқушысы Бейсикова Айдана, ІІІ орын 8 сынып оқушысы Закирьянова Бадинур иеленді.
Қазақстан тарихы пәнінен ІІ орын 8 сынып оқушысы Қабыкен Жандос, ІІ орын 8-сынып оқушысы Жомарт Ақтоты, ІІ орын 10 сынып Боранбай Бихан, ІІ орын 9-сынып оқушысы Тастемір Гүлзат, ІІІ орын 11 сынып оқушысы Жандарбек Жақан, ІІІ орын 11 сынып оқушысы Аубакиров Алишер ие болды.
Физика пәнінен І орын 8-сынып оқушысы Мұқышев Жанболат, І орын 9-сынып оқушысы Өмірзақова Аяжан, І орын 11 сынып оқушысы Галиева Камила, ІІІ орын 10 сынып оқушысы Қайырдолда Диас иеленді.
Математика пәнінен ІІ орын 9-сынып оқушысы Кабулдинова Меруерт, 8/9 ұшін/ сынып оқушысы Куатов Алихан иеленді.
Ағылшын тілі пәнінен ІІ орын 7 (8 үшін) сынып оқушысы Баяманова Аида, ІІ орын 9-сынып оқушысы Калиева Дильназ, 8-сынып оқушысы Гармаева Диляра, ІІ орын 8-сынып оқушысы Жумабаева Дильнара, 10 сынып оқушысы Абенов Алишер,ІІІ орынды 11 сынып оқушысы Исаев Назар иеленді.
Биология пәнінен І орын 7/9 үшін/ Успанова Аймира, ІІ орын 11 сынып оқушысы Адильбаева Камила, ІІ орын Темергалинов Кайыржан , ІІІ орын 10 сынып оқушысы Замирбек Серікбол, ІІІ орын 10 сынып оқушысы Елемесова Таслима алды.
Химия пәнінен І орын 8 сынып оқушысы Казбеков Мухамеджан, ІІІ орын 10 сынып оқушысы Зейноллаева Камила, ІІІ орын 9 сынып оқушысы Аждарова Ұлжан.
Информатика пәні бойынша І орын 7/8 үшін/ сынып оқушысы Қабдолда Дильназ, ІІ орын 9 сынып оқушысы Лайыков Нурсултан.
География пәнінен ІІ орын 11 сынып оқушысы Сейтахмет Еділ, ІІІ орын 8-сынып оқушысы Ұзақбай Нұрайым, ІІІ орын 10 сынып оқушысы Кабыкен Іңкәр, ІІІ орын Назымбеков Нурхат, ІІІ орын 9-сынып оқушысы Төлегенова Дильназ иеленді.
Адам.Қоғам.Құқық пәнінен І орын 11 сынып оқушысы Жанкушуков Аманат, ІІ орын 9 сынып оқушысы Кабышева Динара, ІІІ орын 10 сынып оқушысы Нургалиев Айбек ие болды.
Жалпы мектепішілік олимпиаданы өткізу жұмыстарын «жақсы» деп бағалауға болады. Олимпиада материалдары уақытымен тапсырылды. Мұғалімдер өз ісіне жауапкершілікпен ат салысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша әр пәннен озық шыққан оқушылар іріктеліп, облыстық пәндік олимпиадаға қатысатын команда жасақталды және алдағы кезеңдерге дайындық жұмыстары ұйымдастырылды