Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Педагогикалық кеңес «Бастауыш сыныпта бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру»
04-11-2016 04:37
Педагогикалық  кеңес «Бастауыш сыныпта бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру»

2016 жылы 2-қараша күні гимназияда «Бастауыш сыныпта бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырудағы шығармашылық жұмыстың рөлі» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Педкеңесте директордың оқу ісінің орынбасары С.С. Джамалбаеваның «Шығармашылық қабілеттер теориясы мен даму факторлары» атты баяндамасы тыңдалып, «қабілет», «тұлға» ұғымдары, шығармашылық  үдерісінің кезеңдері,  баланың даму үдерісіне әсер етуші факторларына кеңінен тоқтады. Бастауыш сыныптың (А.Нахметова, М.Елубаева, А.Омарова) және информатика, ағылшын тілі, ырғақ пәні (Э.Абылгазина, М.Сыздыкова, Д.Зембаева) мұғалімдерінің баяндамалары, іс-тәжірибелері ортаға салынып, презентациялары көрсетілді. Оқушылардың тақырыптық ізденіс жұмыстары, бейнематериал жинақтамасы, мәтін мазмұнына суреттемелері, шағын шығарма жұмыстары, құрастырған өлеңдері, логикалық есептеулері, орындаған зияткерлік-танымдық тапсырмалары, тақырыптық-мерекелік би қойылымдары талданып, таныстырылды.  Шығармашылық мазмұнды тапсырмаларды тұрақты пайдаланып, сабақта оқушыларға дербестік пен еркіндік беру арқылы оларды бірлескен әрекеттер субьектісі жағдайына енгізсе, табысты нәтижеге қол жеткізері анық.