Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстан - Ұлы дала ел» байқауы
02-11-2016 09:25

Мақсаты: «Мәңгілік ел» идеясын іске асыру мақсатын көздейді. Ұстаздар мен оқушылар бойында белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеуді көздейді

Жалпы орта білім беретін мектептің   5-11 сынып оқушылары арасында  «Қазақстан -Ұлы дала елі»  атты  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  эссе байқауы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап, жалпы орта білім беретін мектептер арасында «Қазақстан — Ұлы Дала елі» атты Республикалық байқау өткізу туралы

Ереже

1. Байқаудың жалпы ережелері

1.1. Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесінде өткізілетін «Қазақстан — Ұлы Дала елі» атты республиканың жалпы білім беретін мектептері арасындағы Республикалық байқау (әрі қарай — Байқау) жалпыұлттық және патриоттық «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру мақсатын көздейді, ол ұстаздар мен шәкірттер бойында белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеуге бағытталған. Байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған.

1.2. Байқаудың ұйымдастырушылары

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (мектепке дейінгі және орта білім беру, ақпараттық технологиялар Департаменті); «Нұр Отан» партиясы; Халықаралық «Қазақстан ZAMAN» газеті.

1.3. Байқаудың серіктестері

Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының білім басқармалары;

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы;

Республикалық қосымша білім беру оқыту-әдістемелік орталығы.

1.4. Байқаулар

«1-4 сынып оқушылары үшін «Қазақстан — Ұлы Дала елі» атты Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Үздік тәрбие сағатының әдістемелік әзірлемесі» байқауы.

«5-8 сынып оқушылары үшін «Қазақстан — Ұлы Дала елі» атты Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Үздік тәрбие сағатының әдістемелік әзірлемесі» байқауы.

«9-11 сынып оқушылары үшін «Қазақстан — Ұлы Дала елі» атты Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Үздік тәрбие сағатының әдістемелік әзірлемесі» байқауы.

«Орта білім беру ұйымдарындағы ұстаздар арасында өткізілетін «Қазақстан — Ұлы Дала елі» атты Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған эссе» байқауы.

«Жалпы орта білім беретін мектептердің 5-11 сынып оқушылары арасында өткізілетін «Қазақстан — Ұлы Дала елі» атты Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған эссе» байқауы.

2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

2.2. Байқау мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:

— тәрбие процесін жетілдіру;

— ұстаздар қауымының өз мүмкіндіктерін тиімді іске асыруы үшін жағдай жасау;

— ұстаздардың кәсіби тұрғыдан өсуі мен тәрбие сағатын өткізуге дайындық кезінде жұмыс тәжірибесімен алмасуы үшін жағдай жасау;

— ұстаздардың озық тәжірибелерін тарату; шәкірттер бойында тәрбие мен азаматтық ұстанымды қалыптастыру мәселелері бойынша озық тәжірибені анықтау мен тарату;

— ұстаздар қоғамының назарын орта білім беретін мектептер мен білім органдары жүзеге асырып отырған балаларды патриоттық тәрбиеге баулу мен тәрбие іс-әрекетіндегі өнімді тәжірибемен өзара алмасуды белсендіруге аудару;

— тәрбие іс-әрекеттерін ұйымдастырушыларды балалармен, жасөспірімдермен жұмыс істеуде тиімді тәрбиелік технологияларын іздеуге ынталандыру;

— ұстаздар мен шәкірттердің шығармашылық қабілеті мен әлеуметтік құзіретін дамыту;

— тәрбие жұмыстарының түрлерін жетілдіру.

3. Байқауға қатысушылар

Ұжымдық:

— мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептер;

— мектептің өзін-өзі басқару органдары;

— қалалар мен аудандардың білім бөлімдері;

— облыстар, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары;

— балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдары, НПО;

Жекелей:

— білім ұйымдары әкімшіліктерінің мүшелері;

— білім ұйымдарындағы ата-аналар комитетінің мүшелері;

— пән мұғалімдері, қосымша білім беру ұстаздары;

— сынып жетекшілері;

— аға вожатыйлар, ұйымдастырушы ұстаздар т.б.

4. Байқауды өткізудің шарттары

4.1.Байқауды өткізу мерзімі: 2017 жыл, наурыз

4.2.Байқауға материалдарды қабылдау мерзімі (2017 ж. 1 наурызға дейін).

4.3. Байқау материалдарын толтыруға қойылатын жалпы талаптар:

— мәтін Microsoft Office Word — 97-2007 редакциясында беріледі, парақтар форматы — А-4, кітаптық бағытта, шрифт — Times New Roman, кегль — 14, ара қашықтығы — 1,5 см, негізгі мәтін — көлденеңінен.

4.5. «Қазақстан — Ұлы Дала елі» атты Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған тәрбие сағатының үздік әдістемелік әзірленімі» материалдарына қойылатын талаптар:

— орта білім беруді жаңарту мен «Мәңгілік ел» патриоттық идеясын іске асыру жағдайында жалпы орта білім беретін мектептерде оқушының жеке тұлғасын тәрбиелеудегі басым міндеттерге сай келуі;

— тәрбие мақсаттарын іске асыруға авторлық қырынан келу, жаңашылдық, ерекшелік;

— аймақтық-ұлттық компоненттер мазмұнының болуы;

— жұмыс көлемі 2 (екі) парақтан артық емес; Жекелей немесе ұжымдық суреттерін бірге жіберу. Эл. пошта: kazakistanzaman@mail.ru

Байқауға ұжымдық немесе жекелей қатысуға болады.

4.6. Орта білім беру ұйымдары ұстаздары арасында өткізілетін «Қазақстан — Ұлы Дала елі» атты Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған үздік эссе» байқауы материалдарына қойылатын талаптар:

— тақырып бойынша автордың ұстанымын көрсету (автор өзінің көзқарасын айтып, бір-біріне қайшы келмейтін дәлелдерді келтіріп, таңдалған ұстанымның артықшылығын негіздеу);

— тақырыпты меңгергендігін, оның түсініктік аппаратын, терминологиялары мен жалпы қабылданған ғылыми концепцияларын білетіндігін, заманауи тенденцияларды түсінетіндігін көрсету;

— берілген тақырыпқа арналып, таңдалған эссе мәтіні құрылымының нақтылығы мен аяқталғандығы;

— стильдік шешім, мәтін құрылымын ұйымдастыру, лексика берілген тақырыпқа және автор алдына қойған міндетке сәйкес келуі тиіс;

— жұмыс көлемі 3 парақтан артық емес.

Қатысу ұжымдық және жекелей болады.

4.7. «Жалпы орта білім беретін 5-11 сынып оқушылары арасында өткізілетін «Қазақстан — Ұлы Дала елі» атты Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған үздік эссе» материалдарына қойылатын талаптар:

— жұмыстың ерекшелігі және оны беру стилі;

— автор көзқарасының сенімділігі;

— қызықты идея мен жарқын образдың болуы;

— жұмыстың сауаттылығы;

— жұмыс көлемі 3 парақтан артық емес.

Қатысу ұжымдық және жекелей болады.

4.8. Байқау материалының құрамына ақпа-раттық карта (1.Байқаудың атауы мен аталымы. 2.Автор жайлы дерек. 3. Байланыс туралы мәлімет: байқауға қатысушының мекенжайы, телефон нөмірі, факс, е-maiI) кіреді.

4.9. Материалдардың барлығы халықаралық «Қазақстан ZAMAN» редакциясына жіберіледі (050000, Алматы қаласы, Наурызбай батыр, 31, Гоголь көшесінің қиылысы.

Тел: 279-80-22, 279-94-99. Факс: 279-80-77)

Эл. пошта: kazakistanzaman@mail.ru

Материалдар қағаз және электрондық тасымалдаушы арқылы жіберілуі қажет.

5. Байқаудың қорытындысын шығару

5.1.Байқау қорытындысы құрамында осы Ереженің 1.2 және 1,3 пунктінде көрсетіл-ген ұйымдар мен өкілдері бар байқау комиссиясының шешімі негізінде бекітіледі.

5.2. Жеңімпаздарға төмендегідей аталымдар бойынша (I, II, III дәрежелі) дипломант атағы беріледі:

«1-4 сынып оқушылары үшін «Қазақстан — Ұлы Дала елі» атты Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған тәрбие сағатының үздік әдістемелік әзірлемесі» байқауы;

«5-8 сынып оқушылары үшін «Қазақстан — Ұлы Дала елі» атты Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған тәрбие сағатының үздік әзірлемесі байқауы;

«9-11 сынып оқушылары үшін «Қазақстан — Ұлы Дала елі» атты Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған тәрбие сағатының үздік әдістемелік әзірлемесі» байқауы;

«Орта білім ұйымдары ұстаздары арасында өткізілетін «Қазақстан — Ұлы Дала елі» атты Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған үздік эссе» байқауы;

«Жалпы орта білім беретін мектептердің 5-11 сынып оқушылары арасында өтетін «Қазақстан — Ұлы Дала елі» атты Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған үздік эссе» байқауы.

5.3. Үздік жұмыстар халықаралық «Қазақстан ZAMAN» газетінде жарияланып, үздік әдістемелік әзірлемелер практикада пайдалану үшін Қазақстанның аймақтарына жіберіледі.

Байқауға жемісті қатысуларыңызға тілектеспіз!

6. Білім және ғылым министрлігінің арнайы сертификаттары беріледі.

7. «Нұр Отан» партиясының грамоталары табысталады.

8. 1, 2, 3 орын алған жеңімпаздар мен қатысу-шыларға «Қазақстан Zaman» газетінің арнайы сертификаттары мен бағалы сыйлықтары бар.

Бәйге қорытындысы үстіміздегі жылы 2017 жылғы 15 наурызда шығарылады. Бәйгеге жіберілетін өтініштер, құжаттар, еңбектер 1 наурызға (2017 ж.) дейін қабылданады.

1. Облыстық, қалалық ең үздік білім басқармалары: Облыста немесе қалада қанша мектеп болса, әр мектепке «Қазақстан Zaman» газетіне жазылған 2 түбіртегін (квитанциясын) тапсырған құжаттарына тіркеп қосу.

2. «Ең үздік мектеп»: Бәйгеге қатысушы мектеп «Қазақстан Zaman» газетіне жазылған 10 түбіртегін (квитанциясын) тапсырған құжаттарына тіркеп қосу.

3. «Ең үздік пән мұғалімі»: «Қазақстан Zaman» газетіне жазылған 3 түбіртегін (квитанциясын) тапсырған құжаттарына тіркеп қосу.

4. «Ең үздік сынып жетекшісі»: Сыныбынан «Қазақстан Zaman» газетіне жазылған 5 түбіртегін (квитанциясын) тапсырған құжаттарына тіркеп қосу.

5. «Ең үздік балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдары»: «Қазақстан Zaman» газетіне жазылған 15 түбіртегін (квитанциясын) тапсырған құжаттарына тіркеп қосу.