Астана қаласындағы "Əлемді өзгертетін идеялар" атты семинар
9-сынып оқушысы Тастемір Гүлзат Астана қаласындағы "Əлемді өзгертетін идеялар" атты семинарға қатысып келді. Семинардың ең басты мақсаты жастарды Елбасының «Ұлт Жоспары - 100 нақты қадам» стратегиялық жоспарымен таныстыру, болашаққа бағдарлау, тәуелсіздік жылдары еліміздің жеткен жетістіктерін паш ету. Сапар барысында өте елеулі мәселелер талқыланды, барлық шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Дәріс барысында болашақ ұрпаққа артылып отырған сенімнің қаншалықты маңызды екенің түсініп, айтылған сөздерден кейін патриоттық сезімдер арта түсіп, елді алға жетелеуге деген ұмтылыс пайда болды. Павлодар облысынан барған 20 бала қатысты.