Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
«Балаларға мейірімді Қазақстан» республикалық балалар Форум-фестивалі
24-11-2016 09:57
«Балаларға мейірімді Қазақстан» республикалық балалар Форум-фестивалі

Астана қаласында 2016 жылдың  21-22 қараша аралығында«Балаларға мейірімді Қазақстан»республикалық балалар мен жасөспірімдер Форум-фестиваліне 10-сынып оқушысы Ержинбаева Мадина шақырылды. Оқушылар сарайында 16 аймақтан келген делегация таныстырылып, планетарийге экскурсия, Қазақстан Республикасындағы саясат, өнер салаларындағы танымал қоғам қайраткерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен ЮНИСЕФ-тің 70 жылдығына арналған «Балаларға мейірімді Қазақстан» халықаралық конференциясы өткізілді.  Мадина биология пәнінен  облыстық әлеуметтік «Жобалар шеруі-2014», республикалық «Шапағат-2015» сайыстарының қатысушысы, сайыстарға дайындаған жетекшісі: биология пәнінің мұғалімі Муханова У.К. Форум аясында өткізілген іс-шаралардың жас ұрпақтың бойында бай рухани құндылықты, олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруда маңызы зор деп ойлаймыз.