Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады
25-11-2016 11:11
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өткізілген танымдық шаралардың бірі  «Туған жерім-тұғырым, өскен елім - өзегім» атты тықырыптағы таңғажайып алаңы ойыны. Ойынды кітапханашы Г.Женаева  7 сынып оқушыларымен өткізді. Қатысушылар  еліміздің тарихы мен Ақсу өңірі туралы қызықты сұрақтарға жауап бере отырып таңдалды. Ойын барысында  оқушыларға Қазақстанның тәуелсіздік жылдары  жеткен жетістіктері, Астана қаласындағы  тарихи ескерткіштер, қазақ хандары, мемлекеттік рәміздер авторлары туралы сұрақтар қойылып,  бейнефильм көрсетілді. Қатысушыларға І кезеңде -Тәуелсіз мемлекеттің ең маңызды нышандарының бірі,  ІІ кезеңде - Алматы қаласында ашылған Тәуелсіздік монументінің авторы, ІІІ кезеңде - 1990 жылы Қазақстан Жоғары Кеңесі егемендік туралы қабылдаған құжат  аты жасырылды. Оқушылар ойынға  қызығушылықпен  белсенді қатыса отырып, барлық кезеңдерден сүрінбей өтуге тырысты. Ойын нәтижесі бойынша  7ә сынып  оқушысы Искакова Томирис жеңімпаз  атанып, диплом мен шағын сыйлықтар табыс етілді. Ал  І, ІІ кезең жеңімпаздары Тельжанов Жасұзақ пен Амангелді Диас мақтау қағазымен  марапатталды.