Өткізілу уақыты: 6.02-18.02.2017ж
Байқау мақсаты: сынып жетекшілердің тәжірибе алмасуын, кәсіби шеберлігін арттыру, оқушыларды тәрбиелеу жұмысын ұйымдастырудың озық әдістерін анықтау, шығармашыл сынып жетекшілерді қолдау.
Ережелері:
Байқауға гимназияның 5-10 сынып жетекшілері қатысады. Байқау 3 кезеңнен тұрады. І кезеңде сынып жетекшілер өз сыныбымен сыныптан тыс іс-шара өткізеді. (іскерлік ойыны, тәрбие сағаты, дөңгелек үстел , пікірталас , конференцият.с.с). Іс-шара тақырыбын ұсынылған тақырыптардан не тәрбие жоспарының бағыттарына сәйкес таңдайды. Сыныптан тыс іс-шара 40-50 минут аралығында өтуі керек. Іс-шарадан кейін сынып жетекшінің шараға өзіндік талдауы өткізіледі.
ІІ кезең сырттай өткізіледі. Сынып жетекшілер - «Менің сыныбым» атты жарнамалық буклет (форматы А 4-1,2 бет, түрлі -түсті, сыныптағы тәрбие жұмысының ең басты бағыттарын, сынып дәстүрлерін, ерекшелігін т.б көрсету) және сыныптан тыс өткізілген шаралардың,ата-аналар жиналысының әзірлемесінен тұратын әдістемелік жинақты тапсырады (қағаз түрінде және электронды түрде)тапсырады. Әдістемелік жинаққа тек өздері өткізген әзірлемелер кіруі керек. Мерзімі:11.02.2017 ж. дейін
ІІІ кезең- қорытынды кезең. 18 ақпан күні өтеді. Бұл кезеңде байқауға қатысушылар сыныбымен «Сынып жетекшінің сыныптағы өмірінен бір күн“ тақырыбында қойылым көрсетіп,түрлі сұрақтарға жауап беру, педагогикалық жағдаяттарды шешу сияқты тапсырмалар орындайды.Қойылымға 5-7 минут беріледі.
Қорытынды кезең барысында сынып жанкүйерлерінің ерекше қолдау көрсетуі де ескеріледі.
Байқау ашық түрде өтеді. Байқау барысында өткізілетін шараларға барлығы қатыса алады ( ата-аналар, пән мұғалімдері, үйірме жетекшілері )
Байқау жеңімпаздары 3 кезеңнің қорытындысы бойынша анықталып марапатталады.