Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
МИФ АПТАЛЫҒЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. 2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫ
06-02-2017 09:56
МИФ АПТАЛЫҒЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. 2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫ

2017 жылдың  30 қаңтардан 4 ақпанға дейін гимназиямызда МИФ апталығы өтті.  Ашық сабақтар физикадан 9 сыныпта «Тербелістер» тақырыбында, информатикадан  5А сыныбында «Paint  графикалық редакторы. Сурет салу құралдары»,  7А сыныбында  «Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу тәсілдері» тақырыбында, 5А сыныбында  «Санның бөлігін табу. Бөлігі бойынша санды табу»тақырыбында өткізілген сабақтар өз мәресінде өткізілді. Bilimmedia.kz , ЭОЖ-нің  оқу ресурстары тиімді пайдаланылды. 

Сыныптан тыс өткізілген  іс-шаралар да өз деңгейінде мәнді өтті.  «Кел ойланайық!» тапсырмалары 5-9 сыныптарға арналды. Бұл тапсырмалар 1-қабаттағы стендке ілініп, сол жерге  жауаптарын салатын  жәшік қойылды. Оқушылардың  салған  жауаптарын жұма күні қорытындылап, үздік нәтиже көрсеткендер марапатталды: 8А сынып – Мұқышев Ж., 7А сынып - Успанова А. және Аймирова А.,  6 сынып – Хасенов Е. және  Сабыржан А., 5А сынып -Успанов М. және  5Ә сынып – Ергалиева Р. Жауапты мұғалім: Қатепбай Асылгүл.

6-7 сыныптар арлығында өткен  «Математикалық турнир» сайысы сапалы өтті, себебі, қатысушы оқушылар берілген есептерін жауапкершілікпен орындаған. Қатысқаны екі команда: «Талапкер»  және  «Тапқырлар». Екі командада 6 ойыншыдан болды. Команда мүшелері 7А, 7Ә және 6 сыныптардан жинақталды. Ойын  барысында 38 ұпаймен«Тапқырлар» тобы жеңіске жетті.  «Талапкер»  тобы 24 ұпай, әділ қазылар 10 ұпай меншіктеді.  Жеңіске жеткен топ дипломмен  марапатталды. Жауапты мұғалім: Алькеева З.Б.

8-11 сыныптар арлығында метепішілік Жаутіков олимпиадасы өтті. Олимпиада алдында  оқушылар  Орынбек Ахметбекұлы Жаутіковтың өмірбаяны, еңбектері, шығармалары туралы мәліметпен  таныстырылды. Кейін 2 сағат ішінде орындауға тапсырмалар берілді. Жеңімпаздар анықталып, марапатталды. 8 А сыныбынан Куатов А. – 1 орын, Қазбеков М. – 3 орын , 8Ә сыныбынан Қайыр К. – 3 орын; 9 сыныптан Кабулдинова М. – 2 орын алды.Жауапты мұғалім: Давлятшина С.В.

«Миллион кімге бұйырады» интеллектуалдық ойыны да жақсы деңгейде өтті. Ойын 5А және 5 Ә сыныптар аралығында өткізілді. Ойынға  9 оқушы қатысты. Қатысқан оқушылар туралы мәліметтер алдын ала алынған анкета арқылы таныстырылды.  Ойын 3 кезеңнен тұрды. Кезең сайын 3 оқушы ойыннан шығарылып отырды. Соңғы кезеңде қалған 3 оқушының біреуі үздік шығып, жеңімпаз атанды. Ол оқушы – Амангелды Әмір, 5 А сынып оқушысы.  Оқушылар өте жақсы көңіл күймен шықты. Жалпы ойын қызықты және тартысты өтті.Жауапты мұғалім: Қатепбай Асылгүл.

Бекітілген жоспар бойынша барлық іс-шаралар мезгілінде жүргізілді. Апта бойы оқушылар  жоспардағы іс-шараларға белсене араласты және қатысты.