ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!
Деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, неке және отбасы институтына, адам денсаулығына қатер төндіреді.
Олардың жақтастары:
- Қазақстанда тұратын барлық этностардың ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерін (Наурыз мейрамын тойлауды, қазақ халқының «бет ашар», «сәлем салу» салттарын, өмірден озған жандарға Құран бағыштауды және т.б.) жоққа шығарады;
- зайырлы мемлекеттерге және зайырлы өмір сүру салтына қарсылық танытады;
- мемлекеттік рәміздерді және мемлекеттік мерекелерді құрметтемейді;
- мазхабтарды (Орталық Азияда және мұсылман әлемінің басқа да аймақтарында орныққан діни мектептерді), оның ішінде Қазақстанның көпшілік мұсылмандары ұстанатын ханафи мазхабын жоққа шығарады;
- дәстүрлі исламды ұстанатын мұсылмандарды күпірлік жасайды да айыптайды, өзге діндердің өкілдері мен дінді ұстанбайтын адамдарға төзімсіздік танытады;
- заманауи мәдениет және өнер түрлеріне(музыка, балет, бейнелеу өнері және т.б.) өшпенділік танытады;
- заңда белгіленген міндеттерді (әскерде қызмет ету, міндетті орта білім алу және т.б.)орындаудан бас тартады;
- медициналық рәсімдердің кейбір түрлерінен (қан құю, вакцинация, ағза мүшелерін трансплантациялау және т.б.) бас тартады;
- білім мекемелеріндегі жекелеген пәндерге (биология, дене шынықтыру, ән-күй, сурет салу және т.б.) қатыспауға шақырады.
ҚР ДІАҚМ Дін істері комитеті