Гимназиямызда екі апта бойы «Ең үздік сынып жетекші» байқауы өтті. Байқау мақсаты сынып жетекшілердің тәжірибе алмасуын, кәсіби шеберлігін арттыру, оқушыларды тәрбиелеу жұмысын ұйымдастырудың озық әдістерін анықтау, шығармашыл сынып жетекшілерді қолдау болатын. Байқауға қатысушы 5-10 сынып жетекшілері І кезеңінде сыныптан тыс іс-шара өткізсе, ІІ кезеңде сыныптағы тәрбие жұмысының ең басты бағыттарын насихаттайтын «Менің сыныбым» атты жарнамалық буклет пен сыныптан тыс өткізілген шаралардың әзірлемесінен тұратын әдістемелік жинақты қорғады. Ал ІІ қорытынды кезең мәжіліс залында салтанатты түрде өтті. Әрбір қатысушы сыныбымен «Сынып жетекшінің сыныптағы өмірінен бір күн“ тақырыбында қойылым көрсету, түрлі сұрақтарға жауап беру, педагогикалық жағдаяттарды шешу сияқты шығармашылық тапсырмалар орындайды. Қатысушылар өз сыныбымен атқарылып жатқан тәрбие жұмысын шығармашылықпен, тапқырлықпен, әзілмен көрсете білді. Осы байқау барысында әрбір сынып жұдырықтай жұмыла бірігіп, өз белсенділіктері мен ұйымшылдықтарын танытты. Байқау нәтижесінде келесі сынып жетекшілер: Сыздыкова М.К. «Ең тартымды сынып жетекші», Муканова Б.Қ .«Шығармашыл сынып жетекші», Абраева Д.Е. «Тапқыр сынып жетекші», Альдекенова А.Т. «Еңбекқор сынып жетекші» номинацияларымен марапатталса, Абылгазина Э.Т. ІІІ орын, Тулеубаева К.Б. ІІ орын, Нургалиева Д.А. І орын, Нургалиева С.Е. «жеңімпаз» атағын иеленді. Барлық қаысушылар дипломмен және сыйлықтармен марапатталды.
«Ең үздік сынып жетекші» байқауы сынып жетекші мәртебесін көтерді