20-25 ақпан аралығында бастауыш сынып ӘБ апталығы өтті. Апталық барысында «Гимназия және балабақша арасындағы сабақтастық» тақырыбында өтті. Семинарға қаламыздың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері қатысты. Бұ күні 1-сынып мұғалімі М.Ж.Жақсыбекова ашық сабақ өткізді. Жаңа жүйе бойынша оқып жатқан 1-сынып оқушылары оқу, жазудағы жетістіктерімен қатар шығармашылық тапсырмаларды да ойдағыдай орындап, топта жұмыс жасай алатындарын көрсетті.
А.Н.Нахметова өткізген «Танымдылық тартысы» атты сайысқа 3-сынып оқушыларынан құралған «Қыран» және «Тұлпар» командалары белсене қатысты. 5 кезеңнен тұратын сайыста оқушылар әдебиет, қазақ тілі, дүниетану, математика пәндерінен алған білімдерін еске түсіріп, шығармашылық тапсырмаларды орындады.
Г.С.Солтанова дайындаған «Музыка әлемінде» сайысында ән жұмбақ, суретті жұмбақ, әуенді тап тапсырмаларын орындау оқушылар қызығушылығын арттырып, танымдарын арттырды.
Сонымен қатар 2, 3-сыныптар арасында математикалық турнир өткізілді. Апта бойы оқушылардың үзіліс кезіндегі уақытын қызықты өткізу мақсатында «Сырлы сурет», «Оригами», «Ойлан, тап» тапсырмалары мен мультфильмдер көрсету, флешмоб ұйымдастырылды. Осы шараларға 4-сынып оқушылары құлшына кірісіп, 1-3-сынып оқушыларына көмек көрсетті. Апта соңында жеңімпаздар мен әр сыныптың ең тәртіпті, ең әдепті оқушылары, мақалдарды көп жаттаған оқушылары марапатталды.