Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
Оқушылардың интернетке тәуелділігінің алдын алу бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулар.
01-03-2017 09:56

Бастауыш сыныптарда сабақ барысында дамытушылық және танымдық компьютерлік ойындар қолданылатын кездер болады, бұндай жағдайда олардың мазмұнын мұқият тексеру керек.

         Компьютер алдындағы жұмыстарды мұқият бақылауда ұстау керек. Бастауыш сынып оқушыларына компьютермен жұмыс ұзақтығы 20 мин.аспау керек.

         Компьютерлік жұмысты басқа да жұмыс түрлерімен алмастырып тұру қажет.

         Баланы сабақтан тыс іс-әрекет түрлері: секциялар,үйірмелерге белсенді түрде қатысуын қамтамасыз ете отырып, олардың қызығушылығының, шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағдай туғызу керек.

         Салауатты өмір сүру салтына деген сүйіспеншілігін арттыру қажет.

         Ата-аналармен сыныптан тыс жұмыс түрлерінде тығыз қарым-қатынас жасау керек.

         Оқушылар арасындағы компьютерлік тәуелділіктің алдын алу мақсатында төмендегідей тақырыптарда әңгіме жүргізу қажет:

         -ұжымдық және отбасылық ынтымақтастықтың маңызы туралы;

         -ата-анамен баланың арасындағы қарым-қатынастың маңызы (ортақ іс-әрекет,ортақ қызығушылық )

         -ата-аналардың компьютер мен ғаламторға қатысты дұрыс көзқарастарының, жеке үлгілерінің маңызы туралы;

         -балаға компьютерлік ойындарды таңдауға көмектесу, жұмыс ұзақтығы, ұйықтар алдында ойын ойнауды шектеу, компьютерді баланы тәрбиелеуде сый ретінде қолданбау туралы;

         Жұмыс күнінің соңында баланың тынығуына жағдай жасау, бірақ ол үшін компьютерді қолданбау.