Азаматтық қорғау күніне орай мектепішілік бұйрық пен іс-шаралар жоспары бекітілді.Барлық сыныптарда сынып сағаттары өткізілді: 1-4 сыныптарда «Мектеп пен ғимараттағы қауіпсіздік ережелері», 5-8 сыныптарда «Тұрмыстық жарақаттық алдын алу», 9-11 сыныптарда» Төтенше жағдайлардағы оқушылардың дұрыс әрекеті, алғашқы медициналық көмек» тақырыптарын қамтыды. Сонымен қатар АӘД пәні мұғалімінің ұйымдастыруымен 7-10 сыныптарда «Көктемгі су тасқыны», «Қауіпсіздік және адамдарды қорғау» тақырыптарында практикалық дәріс сабақтары өткізілді. Сабақ барысында АӘД мұғалімі М.Джамалбаев біздің аймаққа тән төтенше жағдайлар: өрт, су тасқыны туралы жалпы мәлімет бере отырып, ТЖ мен өрт қауіпсіздігі ұйымдарының өткізген онлайн сабақтары негізінде су тасқыны кезіндегі тәртіп ережелері, тұрмыстық электрлік және газ құрылғыларын пайдалану,суға бату кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету тақырыптары бойынша оқушыларға қауіпсіздік ережелері мен нұсқаулықтарды таныстырды. Бейнефильм көрсетіліп, оқушыларға сауалдар қойылып, дағдылары мен білімдері, пысықталды. Барлығы 81 оқушы қамтылды. Келесі іс-шара оқушылардың теориялық дәрістерден және сынып сағаттарында алған білімдерін пысықтау мақсатында өткізілді. Спорттық-әскери элементтерден құралған жарыста 8-11 сынып оқушылары газға қарсы құралды кию, биіктікке шығу, нысанаға оқ ату, автоматты жартылай бөліп жинау, кедергілерден өту сияқты тапсырмаларды орындап, бас жарақаты, аяқ, қол сынған жағдайдағы және күйік кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрстеу бойынша практикалық тапсырмаларды орындады. Бұл сайыста оқушылар төтенше жағдайларда қолда бар құралдарды тиімді пайдалану, алғашқы көмекті дұрыс көрсету бойынша практикалық дағдыларын шыңдап, білімдерін толықтырды. Барлығы сайысқа 69 оқушы қамтылды. Медбибі Т.Мақшарова оқушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша дәріс оқып, практикалық кеңестер берді. Ал бастауыш сынып оқушылары жол жүру ережесі бойынша«Жол тәртібін білейік – аман есен жүрейік» атты практикалық сайыстар өтті.Барлығы осы шаралармен 145 оқушы қамтылса, 6-8 сыныптар арасында спорттық жарыстар, әскери эстафета, туристік көпсайыс өткізіліп, оқушылардың шапшаңдықтары, төтенше жағдайларда әрекет етуі шынықтырылды.
орындаған: Г.Бакирбекова