ХІ Халықаралық «Ақ көгершін» балалар шығармашылығы фестиваль-байқауы

Наурыз айының 27-28 жұлдызы аралығында Астана қаласында «Ақ көгершін» қоғамдық балалар қорының ұйымдастыруымен ХІ Халықаралық «Ақ көгершін» балалар шығармашылығы фестиваль-байқауы өтті. Фестивальге гимназияның 6-сынып оқушысы Қаршыға Аружан қатысып, вокал бойынша ІІ-ші дәрежелі Дипломант атағына ие болды. Аружанды дайындаған Ақсу қаласының С.Дөнентаев атындағы мәдениет сарайының қызметкерлері . Өнерің өрлей берсін, Аружан!