Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
«Дарынды Жас ұлан» сайысы
14-02-2013 07:42
«Дарынды Жас ұлан» сайысы

Жүргізуші:  Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздерді «Дарынды Жас Ұлан» сайысында көруге қуаныштымыз. Бұл сайыстың негізгі мақсаты гимназияда «Жас ұлан» ұйымына қабылданған оқушылар арасынан белсенді, шығармашыл, өнерлі де дарынды балаларды анықтау, Оқушылардың қоғамдық жұмысқа деген қызығушылықтарын арттыру,Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікті нығайту, «Жас ұлан» ұйымының жұмысын насихаттау

Әрқашанда білім көптік етпеген

Талапсыз жан мұратына жетпеген

Сәлем бердік ұландарға талапкер

Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен

Жас ұландар шеруі.

(жүргізуші әр сыныптың сайысқа қатысушы жас ұландармен таныстырып отырады, сайыскерлер кезекпен сахнаға шығып, бас иіп, өз орындарна барып отырады)

 

Жүргізуші:  Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты

Білім мен тапқырлықтың сайысына

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты

 

Қазылар алқасымен таныстыру:

 

1.    Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Бақырбекова Гүлбану Абусыздыққызы

2.    Гимназия психологі Умербекова Орынбасар Құрманбекқызы

3.    Мектеп ұланы Қайыржанова Әдия

 

Сайыс кезеңдерімен таныстыру

 

Сайыс 3 бөлімнен  тұрады:

1.    «Сәлем сөздің анасы» - Таныстыру бөлімі (3-5мин)

2.    Білімді Жас Ұлан – сұрақ-жауап бөлімі

3.    «Дарынды Жас Ұлан

Кемелді Қазақстан»тақырыбында  -  эссе, жоба, монолог, көрініс, диалог,т.б.

(мысалы «Жас ұлан ұйымы мен үшін» немесе «Еліміздің патриоты болу...» тақырыптарына ой-толғау, эссе не көрініс көрсету)