ӨНЕРІМЕН ТАМСАНТҚАН «АЙГӨЛЕК» БИШІЛЕРІ
Жыл сайын «Айгөлек» би ансамблі «Казхром» ТҰК, «Ақсу ферроқорытпа зауыты» АҚ бөлімшесі өткізетін «Айналайын» шығармашылық фестиваліне қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. 27-28 наурыз аралығында Ақтөбе қаласында «Казхром» трансұлттық компаниясы акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Айналайын» шығармашылық фестиваліне «Айгөлек» би ансамблі қатысып, І орынға ие болды. Жетекшісі Зембаева Динара Нигматуловна. Бишілерге әлі де өнердің биік шыңынан көріне берулерін тілейміз.