Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова – гимназияда
20-04-2017 12:13
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова  – гимназияда

2017 жылдың 18 суәір күні ҚР Парламенті Сенатының әлеуметтік-мәдени  даму және ғылым комитетінің көшпелі отырысы бағдарламасы аясында Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова облыстың білім беру жағдайымен танысуға Ақсу қаласына келді. Сенат депутаты гимназиямызға келіп, мектептің оқушыларымен, материалдық-техникалық базасымен танысты. Бірғаным Сариқызы физика, өзін-өзі тану, информатика, робототехника және шахмат үйірмесі кабинеттерін аралау барысында оқушылармен әңгімелесіп, ұсыныстарын қабылдады. Сонымен қатар, гимназия мұражайында гимназия тарихын фотосуреттер мен естеліктерден тамашалап, мұражай кітапшасына тілек жазып, қолтаңбасын қалдырды. Робототехника кабинетінде оқушылар өздері жасаған еден жуғыш, құрылыс материалдарын тасымалдаушы роботтарын ұсынды. Сондай-ақ, «Айгөлек» үйірмесінің биіне көшемет білдіріп, спорт залды да аралады. Бірғаным Әйтімова мектептің материалдық-техникалық базасының жабдықталуына жоғары баға берді. Сонымен қатар, Бірғаным Әйтімова қаланың №2, Үштерек және Қалқаман мектептерін аралады. Өңірімізге жұмыс сапарымен келген депутат Бірғаным Әйтімова кездесу соңында, көрсетілген ілтипат пен ықылас үшін ұстаздар мен оқушыларға алғысын білдірді.