Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
«Мектебіме тағзым» акциясы
10-05-2017 12:05
«Мектебіме тағзым» акциясы

Мақсаты: Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті,«Нұр отан» партиясының көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласында ұсынған, «Туған жер»жобасын жүзеге асыру шеңберінде

-  өз мектептерінің дамуына үлес қосуға, қолдан келгенше қайырымдылық және демеулік көмек көрсету үшін табысты түлектерді тарту;

- білім саласында  әлеуметтік-мәнді жобаларға қоғамдық нысанда қатысып, қамқорлықты дамыту;

- оқушылармен тәрбие жұмысында акцияның оң әсерін қолдану.

Акцияны өткізу уақыты:  2017 жылғы 10 мамырдан 30  тамызға дейін

Акцияның негізгі принциптері  - ерікті, ауқымды, әйгілі.

Жобаны жүзеге асыру кезеңдері.

1. Дайындық кезеңі (мамыр)

Мектептің табысты түлектерінің тізімін құру, дерекқорын құру. Байланыс орнатып, акцияның әлеуетті қатысушыларын анықтау. Мектеп қатысушыларына арналған көмек көрсету түрлері бойынша ұсыныстарды қалыптастыру.

Ұсыныстардың мүмкін болатын нұсқалары:

-         күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатысу;

-         материалдық-техникалық базаны нығайту мүмкіндігі (музыкалық аспаптарды, спорт мүкәммалдарын, жиһаздарды, компьютерлер мен басқа техникаларды  сатып алу);

-         кабинеттерді жабдықтау  мүмкіндігі (қазақ тілі, Қазақстан тарихы, өзін-өзі тану, шахмат, робот техникасы кабинеттері және т.б);

-         ас блогы жабдықтарын, шеберханаларды, акт залдарын және спорт залдарын жаңарту  мүмкіндігі;  

-         мектеп мұражайларын ашуға немесе жақсартуға үлес қосу;

-         мекеме аумағын абаттандыруға үлес қосу (демалыс  саябақтарын, балаларға арналған ойын алаңдары және т.б);

-          халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттер және қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерьлеріне жолдамалар  сатып алу және т.б;

2. Жобаны жүзеге асыру (маусым-тамыз)

Акцияның аңықталған қатысушыларымен акцияның салтанатты ашылуы – 2017 жылғы25 мамыр

Аудандардағы, қалалардағы, облыстардағы, орталық БАҚ-да, аудандар мен қалалардағы білім беру бөлімдерінің, «Нұр Отан» партиясының, білім беру басқармасының сайттарында акцияның өту барысын кең көлемде жариялау.

Жобаны іске асыру көріністері  салтанатты түрде педагогтардың, ата-аналардың, оқушылардың, шағын аудан және ауыл тұрғындарының қатысуымен өтеді.

 3. Ақцияның қорытындыларын шығару кезеңі (2017 жылғы   1 қыркүйек)

 Жаңа оқу жылына арналған салтанатты линейкада акцияның қорытындыларын шығару. Акцияның ең белсенді қатысушыларына құрмет көрсету, оларға «Нұр Отан» партиясысы атынан, аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің Алғыс хаттарын табыстау.