Аталар ерлігіне тағзым...
9-мамыр Жеңіс күніне орай Мәңгілік алау жанында қалалық митинг өткізілді. Елін, жерін жаудан қорғап қалған аталар ерлігіне тағзым ету, жастар бойында елжандылықты тәрбиелеу мақсатында гимназияның 8-10 сынып оқушылары таңғы 8.00-ден 14.00-ге дейін мәңгілік алау жанында естелік вахтасында тұрды. Бұл күні елі, жері үшін жанын аямай, Отанымыздың абыройын, бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған бабаларымызды еске алып, гүл шоқтарын қоюшылар саны толастаған емес.