СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ – 2016
Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, оқушылар атын ұя мектебімен қоштасуда. Гимназияда 25 мамыр күні "Сыңғырла, соңғы қоңырау " атты салтанатты мереке өтті. Мерекеге ата-аналар, оқушылар, ардагер ұстаздар қатысып, оқушыларға жылы лебіздерін білдірді. Ал түлектер болса 11 жыл білім берген ұстаздарына алғыстарын білдіре отырып, гүл шоқтарын сыйлады. 10 сыныпқа білім кілтін табыс етіп, 1 сынып оқушыларына мақал мәтелдер кітабын сыйға тартты. Соңғы қоңырауды 11 сынып оқушысы, Аубакиров Алишер мен 1 сынып оқушысы, оқу үздігі Бейсебаева Сания соқты. Соңғы қоңырау мерекесі түлектердің әсем биі мен ұстаздарға деген жылы лебізімен жалғасты. Салтанатты жиыннан соң түлектеріміз әсем шарларды көкке самғатты.