Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
«Бақытты балалық шақ» ертеңгілігі
27-01-2017 03:23
«Бақытты балалық шақ»  ертеңгілігі

Мақсаты: Оқушыларды жан-жақтылыққа, көптілділікке тәрбиелеу. Өзін-өзі тануға, бағалай білуге, басқар абілуге тәрбиелей отырып, эстетикалық, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиелерін беру,шығармашылық қабілетін кең көлемде дамыту.

Көркем:

Қош келіпсіз, құрметті қонақтар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар,

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Балғын шақты біз бақытты  балалар! –

Аружан :

Мир детства, как же он  прекрасен! 
Нет ничего чудесней мира детства. 
Легкость, беззаботность, доброта, 
Наивность, непосредственность, беспечность 
И счастье детства не покинет
Душу, сердце наше никогда...

Көркем:  Құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар «Бақытты балалық шақ» атты ертеңгілігімізге  қош  келдіңіздер.

Сіздерге арнап Жадыра «Бала тілегі» әнін орындайды

(«Бала тілегі» әні)

Аружан:

 Детство – время золотое

И волшебные мечты.

Детство – это мы с тобою,

Детство – это я и ты!

Сейфолла  Оспанов «Бақыт  деген не өзі?»

Қызы:

Айтшы білсеңегер де,

Әке бақыт деген не?

Әкесі:

Бақыт деген , шырағым

Мынау әсем тұрағың.

Ну ормандар, гүлбағы,

Күннің күліп тұрғаны
БАҚЫТ- дәні далаңның.
«Ботам» деуі әжеңнің,
Тыныштығы әлемнің.

Қызы:

Қайда бақыт мекені,
Қалай оған жетеді?
Әкесі:

Адал еңбек етесің
Сонда ғана жетесің.

Қызы:

Көрінбейтін көзіңе,

Сонда оның өзі не?

Әкесі:

Бақыт деген, сөзімшын

Айналайын, өзіңсің!

Көркем: Балалар,  қазір  мен сиқыршы боламын.Қазір біз ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Мен сиқырлы таяқшаммен белгі берген кезде сапарымыз басталады.

- Қане, олай болса өзімізді жұмайық! 1,2,3

( баяу музыка)

-   Сендер ғажайып «Бақыт» әлеміне келдіңдер. Жан-жақтарыңа қараңдаршы, қандай керемет! Айнала жұпар иісі аңқыған әсем гүлдерге толы. Сендердің көңіл-күйлерің өте жақсы, жүздерің күліп, тамаша сезімге бөленіп жатырсыңдар. Алдарыңнан Бақыт періштесі шықты

Бақыт періштесі:   Менің әлеміме қош келдіңдер, балақайлар! Сендер өте ерекше балаларсыңдар. Қане, алақандарыңды жайыңдар, мен сендерге бақыт сәулесін сыйлаймын. Бұл сәулені мәңгілік жүректеріңе сақтаңдар. Өйткені ол сендерге қуаныш пен бақыт әкеледі. Бақытты болыңдар!

Көркем: Бақыт періштесі сыйлаған сәулені жүректерімізге сақтайық

Періште: Балалар, мен сендерге сұрақтар қойғым келіп тұр. Бірақ сұрақ жауабын 3 тілде, яғни қазақша,орысша,ағылшынша айту керек.Сендер жауап беруге дайынсындар ма?

1)    Бүгін аптаның қай  күні? (бейсенбі, четверг)

2)    Таңертенгі тамақ қалай аталады? (таңғы ас, завтрак, breakfast)

3)    Қазір қай жыл мезгілі? (қыс, зима, winter)

4)    Тәуелсіздігімізге неше  жыл? (25, двадцатьпять, twentyfive)

5)    Жазу  жазатын  оқу  құралы (қалам, ручка, pen)

6)    Оқу – құралдарын салатын зат? (сөмке, портфель, bag)

7)    Малвинаның шашының түсі қандай? (көк, голубой, blue)

8)    Мультсериалдағы мысық Томның серігі не? (тышқан, мышка, mouse)

9)    Күннің түсі қандай? (сары, желтый, yellow)

10)Түсі қызыл, дәмі тәтті, пішіні домалақ  жеміс? (алма, яблоко, apple)

-         Рахмет, балалар, 3 тілді жақсы меңгеріпсіңдер.

1-СЫНЫП  тақпақтар

                              «Теремок» ертегісі (ағылшын тілінде)

Аружан :

Нам вспомнится не раз

Та добрая планета,

Где с лучиками глаз

Встречаются рассветы,

Где чудеса живут,

Волшебники и феи,

Где ярче мир вокруг

И звонче птичьи трели.

Көркем: Олай болса әсем әнге кезек берейік 

ӘН «Бақыт деген»

Көркем :

Балалықтың шаттығы,

Ештеңеге жетпейді.

Үлкен болып өскенше,

Олжаныңнан кетпейді.

«Какой цвет самый красивый» - 4-сынып

Аружан:  Детство – самая счастливая и беззаботная пора. Именно этому замечательному периоду, когда все так увлекательно и интересно, посвящен наш утренник. Ребята ,почему мы считаем себя счасливыми?

Көркем :өйткені біздің сүйікті отанымыз, қасиетті ана тіліміз, ардақты да аяулы ата –анамыз бар.

Нұрасыл:

Аспан тұрса күлімдеп,

Айын биік орнатып.

Ақса бұлақ гүрілдеп,

Балаларға сол бақыт.

Аружан:

Балаларға сол бақыт,

Болса Отаным аман-сау.

Басын бұлтқа байлатып,

Тұрса биік Алатау

«Әрқашан күн сөнбесін» әні 3 тілде

Көркем :Ертеңгілігімізді аяқтай отырып ,Балалар, біздің  балалық шағымыздың қызықты күндері  таусылмасын деп тілейміз

Аружан:Біз бүгін бүлдіршіндерімізге мықты денсаулық,оқуларына сәттілік тілейміз (орысша)

Нұрасыл:

May there always be sunshine,
May there always be blue skies,
May there always be Mummie,
May there always be me!

Бірге: Сау болыңдар