Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
The theme: Simple harmonic motion. Физика. 9- сынып.
28-01-2017 05:10
The theme: Simple harmonic motion. Физика. 9- сынып.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың «Тербелістер» тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталау, теориялық және практикалық білімін пысықтау.

Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен ізденуге, білімін шығармашылық тұрғыдан дамытуға, өз білімін қорытындылауға үйрету.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, іскерлікке, ынтымақтылыққа, топпен жұмыс  жасауға үйрету.

Сабақтың міндеттері:

- Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, еркін сөйлей білуге, өз ойын жеткізе білуге, ортақ шешім шығаруға баулу;

-танымдық белсенділіктерін арттыру, білімді тәжірибеде қолданып,болжам жасау біліктіліктерін дамыту.

Сабақ түрі: қайталау сабағы

Модульдер: АКТ, СТОү, ТжДОЖ, ОЖЕСО, ОжОЖТ, оқытудағы  басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Дереккөздер: оқулық, Физика және астрономия. 9 сынып. Б. М. Дүйсембаев, Г. З. Байжасарова, А.А. Медетбекова - Алматы, «Мектеп» - 2012, интербелсеңді тақта, проектор, флипчарт, стикер, маркерлер, бағалау парағы

Оқыту нәтижесі: Сын тұрғыдан ойлау арқылы тақырып мазмұның меңгерді, топтық диалогта өз ойын еркін жеткізіп, танымдық белсенділігі артты, білімін іс жүзінде қолданып, іскерлік қабілеттері дамыды.

Сабақтың кезеңдері

уақыт

Кіріктірілген модульдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу

2 мин

СТОү, ОжОЖТ, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, ОЖЕСО

1) Тақырыпқа шығу: тақтаға (слайд - анимация) назар аударамыз,  талқылауға арналған сұрақ қоямын:  Көрсетілген құрылғы туралы не ойлайсыздар?

  Осы құрылғыны қалай атауға болады?

Біздің сабағымыз қандай тақырыпта өтеді?

Ендеше бүгінгі тақырыбымыз:  Тербелістерді қайталау, қорытындылау

Сабағымыздың мақсаты қандай?

2)Терминдерді қайталау

Құрылғыны талдайды, тақырыпты анықтайды

Тақырыпқа шыққаннан кейін сабақтың мақсатын анықтайды

Осы тақырып бойынша терминдерді естеріне түсіреді. Бір топ терминдерді айтады, қалған топтар толықтырады

Түсіну

 

10 мин

оқытудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, басқару және көшбасшылық

 

1)Топтықжұмыс «Бірлесіп жұмыс істейік»  Заттың агрегаттық күйлерін топта талқылауға, тапсырма беру.

 

 

1)І топBasic definitions in simple harmonic motion

What isperiod, frequency and …?

ІІ топ Simple pendulum

What is Simple pendulum?

ІІІ топMass-spring system

What is Mass-spring system?

Әр топта талқылап, флипчартқа түсіріп немесе маятниктерді пайдаланып «Аквариум» әдісін қолданып өз тапсырмаларын қорғайды.

Өздерін қол қимылымен бағалайдыәдісімен бағалайды, түсінбей қалғандарға жедел көмек береді.

Қолдану

 

10 мин

диалогтық оқыту

оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Есеп шығару

The collection of tasks on physics    7-9

p.14,

1- топ- ex.290,

2- топ- ех.294,

3- топ-  Experimental task

Есептерді шығарады

 

 

 

Талдау

 

10 мин

+

5 мин

тақтада

диалогтық оқыту, ОЖЕСО, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Problems:

- Ex. 290.        An object is simple harmonic motion. By using the equation x=3cos2πt:

Calculate magnitudes of the amplitude, the angular speed, the period and the frequency.

Write the equations of the speed and the acceleration at an instant t.

- Ex. 294.        When an object of mass 4 kg is attached to the end of two springs in parallel, with force constants k1=100 N/m and k2= 200 N/m, the system is in equilibrium. Calculate the period of simple harmonic motion that will occur when the object is released after stretching?

3. Experimental task: With the help of simple pendulum define the gravitational constant.Devices: ruler, stopwatch

 

Есептерді тақтаға шығып ағылшынша талдайды

«Бағдаршам» әдісімен бағалайды

Жинақтау

 

3 мин

ДжТОЖ, АКТ, оқытудағы жаңа тәсілдер,  оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,

Ыстық орындық

 

Ыстық орындық ойнай отырып тақырыпты қайталайды

Бағалау

Рефлексия

 

5 мин

ДжТОЖ, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бүгінгі тақырыбымызбен байланысы бар ма?

ҰйгеТербелістер тақырыбын қайталау

Топтар бірін-бірі «Екі жұлдыз, бір тілек» тәсілімен бағалайды

Стикер арқылы сабақты қорытындылайды

Бағалау парағын толтырып тапсырады