Қорытынды әдістемелік кеңес
2017 жылы 30 мамыр күні «Педагогикалық тәжірибе шығармашылықтың жолында: ізденістер, жаңалықтар, табыстар» тақырыбында қорытынды әдістемелік кеңес өткізілді. Гимназия әдістемелік қызметі «Жеке тұлғаға бағытталған оқыту - тиімді білім берудің негізі» бағытымен жұмыс жасауда. Осы бағытта атқарылған іс-шараларға директордың орынбасары Аккентаева К.М. тоқталып өтті. ӘБ жетекшілері өздерінің ағымдағы оқу жылы жеткен жетістерімен бірге, алдағы оқу жылында енгізгелі отырған инновациялық жобалырын ортаға салды. Жыл бойы оқу- тәрбие үдерісінің дамуына өз үлестерін қосып, рейтинг бойынша жоғары нәтиже көрсеткен ұстаздар марапатталып, «Жыл мұғалімі» атауына екінші жыл тарих және география пәнінің мұғалімі Альдекенова Анар Толыбаевна ие болды.