Тақырыбы: Жануарларқалай қоректенеді?
Мақсаты:
1. Жануарлардың немен, қалай қоректенетінімен таныстыра отырып, жануарлар түрлері туралы ақпарат алуға үйрету.
2. Тіршілік иелерінің бір-бірімен байланысы туралы білімдерін жетілдіру; оқушылардың экологиялық білімдерін, дүниетанымдарын дамыту.
3. Табиғатты қорғауға және оған қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: топпен жұмыс
Сабақтың типі:Жаңа ұғым беру
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,өздік жұмыс,талдау ,жинақтау
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақтада жазылған тапсырмалар(флипчарт), үлестірме материалдар, жануарлардың атрибут-суреттері.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.(деректі фильм)
ІІ. Өткен материалды қайталау.
Үй тапсырмасын сұрау.
1) 1-топ. Жануарларға ауа қажет екенін дәлелдеу.
2-топ. Жануарларға жылу мен жарық қажет екенін дәлелдеп айту.
3-топ. Жануарлар үшін судың қажеттілігіне дәлел келтіру
1) ,,Оқы да біл,, Жануарлар туралы қызықты деректер
ІІІ. Жаңа тақырып.
1.Мәтін мазмұнымен таныстыру.
-Мұғалімнің оқуы.«Түртіп алу»стратегиясы
-Оқушылардың тізбектей оқуы
2.Сөздік жұмысы