Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
«Рухани жаңғыру» аясындағы тоғызқұмалақтан флешмоб
14-09-2017 14:47
«Рухани жаңғыру» аясындағы тоғызқұмалақтан флешмоб

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 14-қыркүйек күні Павлодар облысының барлық білім беру ұйымдарында тоғызқұмалақтан бірыңғай флешмоб ұйымдастырылды. Ұлттық ойынымызды дәріптейтін бұл шараны «Павлодар облысы білім беру басқармасының «Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы» ұйымдастырып отыр. Айтулы шараның басты мақсаты ұлттық спортты жаңғыртып, тоғызқұмалаққа деген оқушылардың қызығушылығын арттыру, балалар арасында достық қарым-қатынас орнату болып табылады.  

Аталған іс-шарадан гимназияның оқушылары да шет қалмады. 14 балаға арналған үстел тақтасына кезектесіп ойнаған балалардың жалпы саны 20-дан асты. Өте тартысты өткен ойында оқушылар шеберлігін шыңдаумен қатар, бай тәжірибе  жинады, үлкені кішісіне ойынның қыр-сырын танытты. Осылайша бұл ойында достық жеңді.

Тоғызқұмалақ ойыны - спорттың жоғары дәрежелі зияткерлік түрі. Үлкен шыдамдылықты, шығармашылық ойлауды және өзін-өзі ұстай білуді талап  етеді. Басқа спорттың түрлеріне қарағанда, бұл ойында ой жүйріктігі аса қажет. Бұл да болса қазақ халқының даналығының бір дәлелі болса керек.

Алтынбек Мақсатхан